Ұсыныстар сараланып, міндеттер жүктелді
Ұсыныстар сараланып, міндеттер жүктелді
195
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қол­дау тапқан BIRGE жалпы­ұлттық акциясы аясында ел тұрғындарының ұсыныс-ті­лектері жинақталып, тіркел­генін білеміз. Аталған акция шеңберінде Жамбыл облысы бойынша 30 мыңнан аса ұсыныс-тілек келіп түскені де белгілі болды. Қазіргі таңда ұтымды ұсыныстар сараланып, тиісті жауап­ты мекемелерге үлес­­тіріліп, сол бағытта атқа­ры­ла­тын жұмыстар Nur Otan пар­тия­cының бақылауына алынған.

Түскен ұсыныс-тілектердің бірқатары – баспана, жұмыс­сыздық, жол және ауызсу мен елдімекендерге көгілдір отын жет­кізу мәселелері. Әсіресе, об­лыс іргесіндегі Байзақ ауда­ны тұрғындарынан түскен ұсыныс­тардың дені –ауылға газ тартып, оны үйді-үйге кіргізу құнының қолжетімді болуы.

Бүгінде Байзақ ауданында 43 елдімекеннің 60 пайызы көгілдір отынмен қамтылып, тұрғындарға тұрақты газ берілуде. Аудан аума­ғындағы газдандырылмаған ел­дімекенді газдандыру мақса­тында 9 ауылға газ құбырын тар­ту жұмыстары жүргізіліп жа­тыр. Бұл – биылғы меже. Ал ал­да­ғы екі жылда 21 елдімекенге кезең-кезеңімен көгілдір отын жет­кізу жоспарланды. Құрылыс жобасының жалпы құны – 3,46 миллиард теңге.

Аудандағы басты проблема көгілдір отынның тек ауыл ірге­сіне келіп тоқтауы болып отыр. Тұрғындар газды өз қаражатына тартуға мәжбүр. Партия жанынан құрылған комиссия бұл мәселенің оңтайлы шешілуі үшін мердігер компанияға газ құбырын көше-көшемен тартуды міндеттеу немесе байқау жариялағанда осындай нұсқауларды енгізу қажеттігін ұсынды. Бастама жергілікті ат­қарушы орган тарапынан ескері­летін болса, көгілдір отын есік алдына дейін жеткізіледі.

Байзақ ауданының тұрғын­дарын толғандыратын тағы бір мәселе – автожолдардың жөнделуі. Ауданды облыс орталығымен байланыстыратын үлкен жолдың бірқатар бөлігі сын көтермейді. Тараз қаласына тіке апаратын күретамыр да – сол жол. Жүк кө­ліктері де жиі қатынайды. Енді азаматтардың тілегінің орындалуы партия назарына алынды. Об­лыстық маңызы бар «Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ» автожолының 3,4-4,4 шақырым аралығын жөндеу жұмыстары күн тәртібінде тұр. Қазіргі кезде мердігер компания анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. 2,5 миллиард теңге қаражатты құрайтын жоба келесі жылы толық пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автожолын жөндеу жұмыстары да жіті бақылауға алын­ған. Жалпы құны 825 миллион теңге қаражатты жобалайтын жөндеу жұмыстары биыл бас­талды. Аталған автожолдың 7-60 шақырым аралығына орта жөндеу жұмыстарын жасау
2020-2022 жылдар аралығында іске асырылады.

Автомобиль жолын жөндеу мәселесі бойынша Тұрар Рысқұлов ауданы тұрғындары да BIRGE жалпыұлттық акциясы аясында ұсыныс-тілегін жолдады. Жалпы ұзындығы 8,8 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар екі автожолды жөндеу жоспарланып, Қарақау ауылына кіреберіс жол мен Төреңөзек-Көкарық-Шолақ-Қайыңды автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ биыл аудан бойынша ұзындығы 22 шақырымнан асатын 23 көше жолы жөнге келтіріледі. Құрылыс жұмыстарын қазан айында аяқтау жоспары бекітілді.

BIRGE жалпыұлттық акциясы аясында жинақталған жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне кіретін ұсыныс-тілектердің орындалуы партия бақылауында болып, халыққа атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер жеткізіледі.


Жамбыл облысы