Көршілердің пайымдауынша, қылмысқа ақша себеп болуы мүмкін. Ресми орындар тергеу басталғанын ғана хабарлады. Полиция күдіктіні ұстаған. Оның бұрын да қылмыс жасап, сотталғанын анықтады. Куәгерлердің айтуынша, сантехник азамат сол күні пәтерге жөндеу жұмыстарын істеуге келген. Артынша үй иелерімен сөзге келіп қалған. Оқиға куәгері Оксана Феллер, қанды оқиғаны көзімен көрген. Содан болар әлі күнге қорқынышпен еске алады. Сол сәтте пәтерде анасы мен оның 32 жастағы қызы болған.
Куәгер Оксана Феллер: «Марқұм Инна сантехник азаматты ғаламтор арқылы тапты. Бір күн бұрын шақырып, алдын-ала 250 мың теңге төлемін берді. Негізі араларында ақшаға бола ұрыс болды дегенмен келіспеймін. Керісінше қаскөй бұлардан ақша ұрламақ болған. Сондықтан бәрін пышақтап тастаған», – дейді.Арадағы түсініспеушілік кезінде қаскөй 32 жастағы қызына пышақ сұққан. Денесін тіліп тастаған дейді кәугер. Оған көмекке ұмтылған анасы мен көршісін де жарақаттапты. Көршілерінің айтуынша, марқұм 12 жыл бойы жедел жәрдем қызметінде істеген. Қызын құтқармақ болған анасының да жағдайын дәрігерлер тым ауыр деп отыр. 35 жастағы көршісі де ауруханада жатыр.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің маманы Ақшолпан Жүсіпова: «Жүректің сол жақ қарыншасының жарақатымен, сол жақ кеуде қуысының пышақпен кесілген бірнеше жарақаты, сол жақ өкпенің төменгі бөлігің жарасы, мойын тамыры мен шаптың пышақпен жараққаттануы. Науқас реанимациялық бөлме жағдайында ем алуда. Жалпы жағдайы ауыр», – дейді.Қалалық Полиция департаментінің өкілі күдіктінің бұрын сотты болғанын айтып отыр.
Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азамат қамауға алынды. Пышақ бойынша арнайы сараптама тағайындалды. Бұрын да қылмыс жасағаны үшін істі болған», – деді.Қазір күдікті азаматқа «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. https://youtu.be/xHWYP-sbzTA