Тоқаев Елбасының 20 жыл бұрынғы Жарлығына өзгеріс енгізді
Тоқаев Елбасының 20 жыл бұрынғы Жарлығына өзгеріс енгізді
Фото: Интернеттен алынды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулыға қол қойды.
  1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.»
  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген Қаулыда.