Карантин қала экономикасына салқынын тигізді

Карантин қала экономикасына салқынын тигізді

Алайда жағдайды бақылап, дұрыс шешім қабылдау үшін кем дегенде бір аптадағы көрсеткіш тұрақты болуы қажет», – дейді Алматының бас санитар дәрігері Жан­дарбек Бекшин. – «Өткен аптада 100 мың адамға шаққанда ауру деңгейі 5 болды. Ауруды жұқтыру көрсеткіші 2 есе төмендеді. Ал күнделікті аурудың өсімі шілде айына қарағанда 35 есе төмендеді. Нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек-орындардың 83 пайызы босады. Осындай көрсеткіш эпидемиялық жағдайдың тұрақталғанын көрсетеді. Вирус жұқтырудың төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді». Бас санитар бәрі де қалыптасқан жағдайға байланысты екенін ай­тады. Сондай-ақ ол алғашқы лок­доун алып тасталғаннан кейін екі апта өткенде ауру жұқтыру көрсеткіші бірден көтерілгеніне де тоқталды. Инкувациялық ке­зең­нен кейін екі-үш апта өткенде та­лап­тар қаншалықты нәтиже бергені белгілі болады. Егер жағдай жақсы болса, шектеу шараларын тағы да жеңілдету қарастырылады. Жандарбек Бекшин карантин шараларының ел азаматтарының аман­дығы үшін жасалып жатқанын тағы да еске салып, тұрғындардың бұрынғыдай қалыпты өмір сүруіне өздері де ынталы екенін айтып өтті. Біраз уақыттан бері Алматыда демалыс күн­дері қоғамдық көлік­тердің қозғалысына шектеу қойыл­ған болатын. Өткен сенбі және жексенбі күндері тұрғындардың өтініші бойынша автобус пен тро­ллейбустармен қатар метроның да қозғалысына рұқсат етілді. Олар кестеге сай 06.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеді. Мұның алдындағы демалыста қоғамдық көліктердің жүр­меуі, такси бағасының көтер­іліп кетуі қала тұрғындарын әбігер­ге салып, әлеуметтік желі арқылы тұрғындар біраз шу көтерген бола­тын. Негізі, ведомствоаралық ко­миссия­ның ше­шімімен 31 тамыз­дан бастап қазақстандықтарға тауға шығуға және ұлттық саябақтарға баруға рұқсат етілгені белгілі. Сондай-ақ Алматыда да карантин шектеулерін жеңілдетудің үш­ін­ші кезеңі басталды. Қазір кі­тапханалар, музейлер мен діни орындар жұмыс істей бастады. «Мектептерде кезекші топ­тардың жұмысына рұқсат беріл­ген. Оған қоса, жұмыс күндері бас­сейндер ашық. 15 адамнан ас­пай­тын топпен саябақтар мен өзге де табиғи аумаққа шы­ғу­ға болады», – дейді Жан­дар­бек Бекшин. Бас санитар қала­дағы эпидемиялық жағдай тұ­рақ­талғанына қарамастан, Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері шектеу шара­лары енгізілетінін атап өтті. «Бұл нұсқаудың азық-түлік су­пермаркеті мен дәріханаларға қатысы жоқ. Қаладағы ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес сауда орындары, жабық базарлар, сұлулық салондары, спорт орта­лықтары, жаттығу залдары, ашық ауадағы аттракциондар жұмыс істемейді», – деді ол. Алматыда эпидемиялық ах­уал тұрақталып келе жатқанын ша­һар басшысы Бақытжан Са­ғын­таев та жоққа шығармайды. «Инфекция жұқтыру өткен айдағы көрсеткіштермен салыстырғанда анағұрлым төмендегені анық. Эпидемияның қауырт сәттерінде күніне 250 адам тіркелген бо­латын. Қазір күніне шамамен 11 адам тіркеледі. Бұл жағынан да көрсеткіштер төмендеген», – деді Б.Сағынтаев. Қазіргі таңда қалада инфекциялық стационарларда 3 673 төсек-орын резервте тұр. Жаңа ауруханалардың құрылысы қазан айында аяқталарын ескерсек, бұл көрсеткіш 7 мыңға же­теді. Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, бүгінде бар­лық кәсіпкерлік нысандар ашыл­ды. Тек кальян барлары, би­льярд, банкет залдары жабық тұр. Арнайы базадан 180 мың кәсіпкерлік ны­сан тіркеуден өткен. Ресми мәлім­ет бойынша, Алматыда эко­номикалық белсенді азаматтар саны – 950 мың. Қазір 855 мың алма­тылық жұмысқа шық­ты. Каран­тин кезінде көптеген кәсіп­орындар мен мекемелердің жұмысы тоқтағаны шаһар эко­номикасына айтарлықтай салқы­нын тигізгені рас. Дегенмен жыл соңына дейінгі 4 айда осы олқы­лықтың орнын толтыру мақ­сатын­да жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ