Аса ірі жол апатына ұшыраған Қазақстан құрамасының футболшысы ауыр жағдайда жатыр
Аса ірі жол апатына ұшыраған Қазақстан құрамасының футболшысы ауыр жағдайда жатыр
167
оқылды

Футболшы карьерасының әрі қарай жалғасуы екіталай

«Атырау» футбол клубының қорғаушысы Дәурен Мәжитов жол-көлік апатына ұшырап, ауыр жағдайда ауруханаға түскен. 

«Футболшы өз көлігімен үйіне қайтып келе жатқан кезде жол апатына түскен. Оның көп жері сынған, қазір есін жиды. Дәурен Мәжитовтың жағдайы жайлы клуб баспасөз қызметі сәл кейінірек толық ақпарат беретін болады. Дәуреннің тезірек сауығып кетуін тілейміз» делінген клуб таратқан хабарламада. 

Алдын ала тараған ақпарат бойынша 23 жастағы футболшы алған жарақаттардың ауырлығы сонша оның карьерасын жалғастыруы екіталай. 

Дәурен ЕУРО-2019 іріктеу ойындары кезінде Қазақстан жастар құрамасының капитаны болды. Ал биыл ақпан айында ұлттық құраманың бас бапкері Михал Билек оны кеңейтілген тізімге қосқан еді. Биыл ол «Атырау» сапында 18 ойынға қатысып, 1 гол соқты.