«Жалынның» жастары әкім кубогын иеленді
«Жалынның» жастары әкім кубогын иеленді
152
оқылды

Жайдарманшылар арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынды. Республикалық арнайы жоба Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен, Қазақстан КВН одағының ұйымдастыруымен өтті. Жастар жылымен тұспа-тұс келіп отырған бұл ойын осымен 11 рет өткізілді.

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен ойынға түрлі лигада үздік өнер көрсетіп жүр­ген топтар қатысты. Бас-аяғы 17 команда өзара әкім кубогына таласты. Оның он алтысы – отандық командалар. Бауыр­лас қырғыз елінен «Ош» командасы қонаққа келді. Командалардың арасында Нұр-Сұлтан қаласы әкім кубогы ойынына осымен бірнеше жыл қатысқан тәжіри­белі топтар да бар.

Өнер көрсеткен 17 құрама­ның ішінен ең үздігін таңдау қа­зылар алқасына оңайға түс­пе­ді. Белгілі сатирик Көпен Әмір­бек бастаған әділ қазылар ұтым­ды әзілі мен артында сал­мақ­ты ойы бар, көпшіліктің көңі­л­інен шығып өнер көрсет­кен топтарға басымдық берді. Қа­зылар алқасының үздік ойын­шы номинациясын «Бүгін.Кз» командасынан Нұрлы­бек Жап­пар иеленді. Жүл­де­лі үшінші орын – Қырғыз­стан­ның сәлемін алып келген «ОШ» командасына, екінші орын алматылық «Ақпен бірге» құрамасына бұйырды. Бас жүл­деге Нұр-Сұлтан қала­сы әкі­мінің кубогын «Жа­лын» ко­­мандасы иеленді. Жаңа­өзен­­дік жеңімпаз коман­да­ға мил­лион тең­ге ақшалай сыйлық табыс­тал­ды.

 

Фурхат ҚҰРБАНОВ