Қазақстанда 35 жастағы әйел алғаш рет жеке куәлік алды
Қазақстанда 35 жастағы әйел алғаш рет жеке куәлік алды
Фото: Интернеттен алынды
281
оқылды
  Айсара Рысақованың бұған дейін жеке басын куәландыратын құжаты болмаған.
«Бірнеше ай бұрын бұл әйел бізден көмек сұрады. Бала кезінде жетім қалған. Туу туралы куәлігі жоғалған. Жылдар өтсе де әйел құжаттарды уақытында толтыра алмаған. Айсараның балалары да құжат алмаған. Бұл оқиғаны естігеннен кейін, біз әйелге көмектесуді бірден мақсат етіп қойдық. Біртіндеп қажетті құжаттарды жинадық, көші-қон қызметіндегі әріптестермен бірге Айсараға қатысты мәліметтерді растадық. Заңды қолдаудан басқа біз әйелге психологиялық көмек те көрсетеміз. Бірнеше ай бойы күш салғаннан кейін, Айсара алғашқы құжатын алды. Енді әйел әлеуметтік төлемдер ала алады және тұрғын үй кезегіне тұра алады», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Айсара Наурызбай аудандық ювеналды полицияның бастығы Назым Қанағатоваға алғыс айтты. «Енді біз Назым екеуміз құрбы болдық. Мен оған дұрыс бағыт беріп, құжаттарды ресімдеуге көмектескені үшін өте ризамын», – деді Айсара Рысақова. Айсара кәмелетке толмаған үш бала тәрбиелеп отыр. «Отбасы керемет. Балалар әрқашан тоқ, киімі бар, мектепке барады. Бос уақытым болған кезде, түскі ас кезінде отбасына барып тұрамын. Көмектесе алғаныма өте қуаныштымын», – деді Наурызбай аудандық ПБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Назым Қанағатова.