Нұр-Сұлтанда балалар көпқабатты ғимараттың шатырында велосипед тепкен
Нұр-Сұлтанда балалар көпқабатты ғимараттың шатырында велосипед тепкен
Фото: Интернеттен алынды
120
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті елордада көпқабатты үйдің шатырына шығып ойнап, велосипед тепкен балалардың видеосына қатысты мән-жайды түсіндірді.
«Әлеуметтік желілерге талдау жүргізу барысында елордадағы «Арман қала» тұрғын үй кешеніндегі паркингтің шатырында бір топ баланың велосипед теуіп жүргенін анықтадық. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері аттанды. Анықталғанындай, паркингтің шатырға шығатын есігі ашылып қалып, балалар сол жақтан кіріп кеткен. Тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін ұйыммен жүргізілген жұмыс барысында ол есікке құлып салынды. Үйдің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды. «Егер сіз шатырға немесе паркингке шығатын есіктің ашық тұрғанын көрсеңіз, тұрғылықты жердегі ПИК-ке бірден хабар беріңіз», – деп ескертеді полиция.