Онлайн сабақтағы порноға қатысты Алматы әкімдігі түсінік берді
Онлайн сабақтағы порноға қатысты Алматы әкімдігі түсінік берді
Фото: Интернеттен алынды
111
оқылды
Дереккөздің жазуынша, 7 қыркүйекте мектеп директоры С.Айдарованың атына математика мұғалімі А.К. Тасылбаевадан түсініктеме түскен. Мұғалім «ZOOM» платформасында онлайн сабақ беріп жатқанда белгісіз біреулер бұзып кіріп былапыт сөз айтып, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға порно фото видеоларды көрсеткен. Мектеп директоры бірден бұл дерек туралы Алмалы аудандық полиция басқармасына хабарлады. «Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу ісі реестрінде №207511035003305 іс тіркеді. Педагог ұжымымен ұжымдық түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп әкімшілігі жақында оқу платформасын қауіпсіздігі жоғары сапалы платформаға ауыстыруды ойластырып жатыр», – деп мәлімдеді әкімдіктен. Біз бұған дейін оқушыларға сабақ кезінде порно көрсетілгенін хабарлаған болатынбыз.