Cирия бойынша Конституциялық Комитет құрылады
Cирия бойынша Конституциялық Комитет құрылады
5,081
оқылды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 23 қыркүйекте Сирия бойынша Конституциялық кеңес құрылатынын хабарлады.

-         Мен Сирия үкіметі мен Сирия бойынша келіссөздер комитеті арасында теңгерімді, сенімді және инклюзивті Конституциялық К⁠омитет құру туралы келісімнің жарияланғаны туралы үлкен қуанышпен хабарлағым келеді, - деді Гуттериш.

БҰҰ Бас хатшысы сондай-ақ Комитет құруға қол ұшын созған Сирия келіссөздері бойынша Астана процесіндегі кепілгер елдер Ресей, Иран және Түркияға алғысын жеткізді. Оның айтуынша, Комитет жұмысын Женевада жақын арада бастайды.