Заңға бағынбағандар жазаланды
Заңға бағынбағандар жазаланды
Дей тұрғанмен, аталған шек­­теулерді бұзатындардың қа­тарынан карантин талап­тарының сақталуына бақылау жасайтын құзырлы мемлекеттік орган қызметкерлері де кез­десуде. Әдеп жөніндегі кеңестің ке­зекті отырысын­да шектеулерді сақтамаған Шиелі ауданы әкім­дігінің 4 қызметкерінің тәр­тіптік ісі қаралды. Тәртіптік істі қарауға YouТube сайтында жарияланған бейнежазба негіз болды. Бейнежазбада Шиелі ауданы әкімі аппаратының бас­шысы мен бірнеше әкімдік қыз­меткерлерінің карантин кезең­індегі шектеулерге қарамастан, туған күн кешіне қатысып, той­­лап жатқаны жа­рия­ланған. Әкім­дік қызметкерлері ка­ран­тин талаптарын сақтамай, өз­дерінің іс-әрекеттерімен аза­маттар тарапынан сын-пікірдің туындауына себепкер болған. Тәртіптік істердің материал­дарымен танысқан Әдеп жөнін­дегі кеңес мүшелері, карантин шек­теулерді сақтамай Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін Шиелі ауданы әкімі ап­паратының басшысына «сөгіс» берілгені дұрыс деп тапты. Ал туған күн кешіне қатыс­қан аудан әкімі аппаратының бас маманына, аудандық жұ­мыс­пен қамту, әлеуметтік бағ­дар­ламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бас­шысының орынбасарына және аудандық ішкі саясат бө­лімінің жетекші маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік жа­заны қол­дану жөнінде шешім етті. Сондай-ақ карантин талап­тарын сақ­тамағаны үшін Жаңа­қорған ауданы Қандөз ауылдық округінің әкімі тәртіптік жазаға тартылды. Мемлекеттік қызмет істе­рі агенттігінің Қызылорда об­лысын­дағы Әдеп жөніндегі ке­­ңе­­сінің кезекті отырысында Жаңақорған ауданы Қандөз ауылдық округі әкімінің тәртіп­тік ісі қаралды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі­нің Қызылорда облысы бойынша департаменті­нің қыз­меткерлері бұқаралық ақпа­рат құрал­дарына, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Facebook әлеуметтік желісінде «Мемлекеттік қызмет­керлерге жаза жоқ па?» атты сыни жазба жариялағанын анық­­таған. Нақтырақ айтқанда, ауыл­дық округ әкімі карантин режи­мі­не қарамастан таби­ғат аясына көпшілікпен барып, санитарлық талаптарды сақтамай қоғам та­ра­пынан сын­­ға іліккен. Әдеп жөніндегі кеңес мү­ше­­лері тәртіптік істі қарап, шек­теулерді сақтамай Әдеп ко­дексі талаптарын бұзғаны үшін Жаңақорған ауданы Қан­дөз ауылдық округі әкіміне «ес­керту» тәртіптік жазасын беруді ұсынды.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы