«Қарапайым қазақтар азын-аулақ малымен жан бағып отыр» – Бас прокурордың орынбасары
«Қарапайым қазақтар азын-аулақ малымен жан бағып отыр» – Бас прокурордың орынбасары
Фото: Интернеттен алынды
Оның айтуынша, ауыр қылмыстардың бірі – мал ұрлығы. Президент бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр.
«Қазіргі кезде мал – халықтың байлығы емес, тіршіліктің көзі. Қазақ амандасқанда алдымен «мал-жан аман ба?» деп сұрайды. Оның мағынасы зор. Себебі қарапайым қазақ аздаған малымен жан бағып отыр. Соңғы жылдары мал ұрлығы кәсіпке айналып, ұйымдасқан қылмыс түрі болып кетті. Сондықтан Қылмыстық кодекске «мал ұрлау» деген жеке бап қостық. Ол нәтижесін беруде. Қазіргі күні мал ұрлығы 24 пайызға азайып отыр», – деді Марат Ахметжанов.
Ол жазаны ауырлату ұрлыққа тыйым салады. «Мысалы, биыл Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан 5 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар 200-ге жуық ірі қараны ұрлап, ауыл адамдарын  миллиондап шығынға батырды. Осы қылмысқа қатысты 1 қыркүйекте мал ұрлығы туралы жаңа баппен ұрлық істеген 5 адамның әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырды», – деді Бас прокурордың орынбасары.