Әкімнің орынтағын саудалапты
Әкімнің орынтағын саудалапты
«Естімеген елде көп» деген. Енді шенеуніктер кә­сіп­керлермен келіссөз жүр­гізгенде, тіпті келешекте әкім болатынын, қала берді оның орынтағының құнын да ай­татын болыпты.   Бұл туралы Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің об­лыс­­тағы әдеп жөніндегі кеңе­сін­де айтылды. Яғни, Меркі ау­­даны әкімінің орынбасары мем­­лекеттік қызмет саласындағы заңнама мен әдеп нормаларына атүсті қарап, өзінің қызмет ба­бын пайдаланған. Ол кәсіп­кер­­лер арасында келіссөз жүр­­гізу барысында телефон ар­қы­­лы өзін жоғары лауазымға та­­ғайындау мәселесін де сөз еткен. Яғни, әңгіме барысында тіп­ті балағат сөздерді қолданып, әдеп нормаларын бұзған. Елдің құ­лағын елең еткізген осы жайды естіген облыс әкімі аталған тұл­­ғаны жұмыстан босатты. Со­ны­мен қатар жиында облыс әкім­дігі жолау­шылар көлігі және авто­мобиль жолдары басқармасы бас­шысының да мәселесі қа­ралды. Ол толық аяқталмаған нысанды қабылдау актісіне қол қойған. Мұның салдарынан «Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел» автомобиль жолының 54-ша­қырымына көпір салу жұмыс­тарының жобалық-сметалық құ­­жат­тамаға сай орындалмағаны анықталған. Тексерушілер аяқ­­тал­­маған жұмыстың құны 12 мил­лион 319 мың теңге екенін зерделеген. Ал Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі «Ауыл – ел бесігі» жобасы ая­сында Сарыкемер ауылы Жиделі көшесіне жүргізілген орта жөндеу жұмыстарын мер­ді­герден қабылдап алған. Мұн­дағы орындалмаған жұмыс құны 1 миллион 898 мың тең­ге болған. Аталған соңғы екі мә­селе бойынша да кейін олқы­лық­тар түзелгенімен, әдеп кеңе­сі­нің мүшелері бұл азаматтар қыз­метіне сай емес деген жаза белгіледі. Сондай-ақ жиында 28 жел­тоқсан Жалпыұлттық аза тұту күні жаңажылдық кеш­ке қаты­сып, ондағы түскен сурет­терін әлеуметтік желіге жа­рия­лаған қызметкерлері үшін облыс әкім­дігі жастар саясаты бас­қар­масы­ның басшысы ескерту алды.   Асылы ӘДІЛ, Жамбыл облысы