Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен автобус соқтығысты
124
оқылды

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен автобус соқтығысты.

Қалалық полиция Департаменті хабарлағандай 23 қыркүйек сағат шамамен 15.00-де 1997 жылғы жүргізуші Howa маркалы жүк көлігін тізгіндеген. Жүк көлігі Байырқұм көшесі жағынан екінші ретті автомобиль жолымен келе жатқан. Екінші ретті жолмен келе жатса да жүк көлігі Мұстафа Кемаль көшесімен қиылыста № 64 жолаушылар автобусының өтуіне мүмкіндік бермей, соқтығысады.

«Жол апаты салдарынан автобус жүргізушісі мен бір жолаушы дене жарақаттарын алды. 22 жолаушы қалалық емханаға барып көрінген, медициналық жәрдемнен кейін олар үйлеріне қайтарылды. Автобус жүргізушісі емханаға жектізілді. Тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады полиция.