"Қытай өз пайдасын көздеп көршілерінің мүддесіне нұқсан келтірмейді"
"Қытай өз пайдасын көздеп көршілерінің мүддесіне нұқсан келтірмейді"
141
оқылды

Ұлт өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы тұрақты Комитетінің төрағасы Ли Чжаньшу Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Еуразия парламенті спикерлерінің отырысында Қытай басқа мемлекеттердің, әсіресе көршілерінің мүддесіне нұқсан келтірмейді деп мәлімдеді.

«Қытайдың дамуы – бұл бейбітшілікке бастар жол. Біз бейбітшілікті бағалаймыз және қорғаймыз, бар мемлекетпен тең және ортақ достық қатынастамыз. Біз басқыншылық пен қысымға қарсымыз, мемлекет үлкен, кіші, бай, кедей болсын біз оның егемендігін құрметтейміз (...). Адал ниет пен әділдікке бейілді ел ретінде қытайлықтар өз дамуын әлемдегі бар мемлекеттің дамуымен байланыстырады. Қытай өзінің пайдасы үшін өзге елдердің әсіресе өз көршілерінің мүддесіне нұқсан келтірмейді», - деді Ли Чжаньшу Еуразия елдері парламенті спикерлерінің IV отырысында.

Ол Еуразия елдерін халықтарды жақындастыруға шақырды.

«Бір-бірін құрметтеу, бейбітшілік пен келісімде күн кешу, мәдениет, білім, туризм, спорт, БАҚ, жастар арасында ынтымақтастықты нығайту маңызды», - деп атап өтті ҚХР өкілі.