Мэтью Робсон 1992 жылы дүниеге келгеннен бастап әкесі Әр туған күніне бір бөтелке "Макаллан" (Macallan) вискиін сыйлап отырған. Оның ұлына қойған жалғыз шарты – бөтелкелерді ашпай сақтау болатын. [caption id="attachment_70888" align="alignnone" > © Сурет ғаламтордан[/caption] Жалпы, әкесі 28 жыл ішінде вискиге бес мың фунт стерлинг жұмсады. Қазір бұл ерекше коллекция 40 мың фунт стерлингке (шамамен 53 мың доллар) бағаланып, сатылымға шықты. Мэтьюдің айтуынша, бұл бөтелкелер бала кезінде керемет сыйлық болып көрінбесе де, қазір ол әкесіне дән риза. "Мен әр туған күнімде сыйлыққа ішімдік алып келдім. Басында біртүрлі деп ойлайтынмын. Қызығы оларды ешқашан ашуға болмайтын. Сондықтан мен солай істедім", - дейді ол. [caption id="attachment_70889" align="alignnone" > © Сурет ғаламтордан[/caption] Оның әкесі Пит ұлы 18 жасқа толғанға дейін жылына бір рет 18 жыл сақталған виски бөтелкесін беру идеясын ұнатқанын айтады. Әрине, бала туған күнінде басқа сыйлықтар алатын. Бірақ виски бөтелкелерін беру дәстүрі ешқашан үзілмеген. Содан бері Macallan виски коллекционерлер мен мамандар арасында өте танымал болды. Мэтью өзінің бірегей коллекциясын сатуға үмітті. Одан түскен қаражатты үй алуға алғашқы жарна ретінде қолданбақ. [caption id="attachment_70890" align="alignnone" > © Сурет ғаламтордан[/caption] Сирек вискилерді сатмен айналысатын брокер Марк Литтлер бұл керемет коллекция екенін айтады. "Macallan виски бағасы соңғы 10 жылда күрт өсті", - дейді ол. "Бірақ мұндай коллекцияны көптен бері ешкім көрмеген". Оның айтуынша, бұл вискиге қызығушылар күн санап артып келеді. Олардың басым бөлігі Азия мен Нью-Йорк тұрғындары.