«Ақшаны оңды-солды шашып жатыр» – Шымкенттегі веложол дауы (видео)
«Ақшаны оңды-солды шашып жатыр» – Шымкенттегі веложол дауы (видео)
Фото: Интернеттен алынды
194
оқылды
Дереккөздің жазуынша, «Дендросаябақта жарты млрд теңгеге 6,5 шақырымдық веложол салынады» деген ақпаратқа қоғам белсенділері жолдың құнына күмінмен қарайды. Дауға себеп болған веложол Шымкенттегі дендрологиялық саябақ ішінде салынып жатыр. Ұзындығы – 6,5 шақырым. «Веложолға 500 млн теңге жұмсалады», – деп табиғи ресурстар басқармасының басшысы басылымдардың біріне сұхбат берген.
Бұған қоғам белсендісі Амангелді Қалыбек: «Демек ол әр километрі веложолдың 76 млн теңгеге бөлініп кетеді. Мен белсенді велосипед жүргізушісі ретінде оның сапалы болғанын қалаймын. Бірақ екінші жағынан қаланың бюджетінің ақшасы оңды-солы шашылғанын қаламаймын», – дейді.
Қоғам белсендісінің айтқанына қатысты шенеуніктер веложолдың конкурстық құны – 458 млн теңге. Жол тек қана велосипедке ғана арналмаған. Жүгіруге арналған жолақ та болады екен. Жарық шамдар, орындықтар орнатылады. Дендрологиялық саябақ директоры Бейбіт Мошқалов: «Табиғи ресурстар басқармасымен 2017 ж тапсырыс берілген. 2018 жылы мемлекеттік экспертизадан өтіп дайындалған. Сондықтан бұл кешегі 2019 жылғы бюджетте біз 2020 жылға ұсынған кезде бюджет тарапынан қолдау тауып, 2020 жылы осы құрылыс жұмыстары басталды», – дейді. Жол желтоқсан айында пайдалануға берілмек.   https://youtu.be/QgyLh0dz4XA