Банктің жаңа қожайыны кім?
Банктің жаңа қожайыны кім?
© коллаж: Елдар Қаба
227
оқылды
 

Саладағы өзгерістерге не ықпал етті?

Көктемнен бері қай саладағы өзгерісті болмасын, корона­дағ­дарысқа байланыстыруды әдетке айналдырдық. Ал банк сек­то­ры­ның сарапшылары отандық банк­тердің акциялары төмендеп жат­са, оған бірнеше фактор әсер ете­тінін, ал карантин соның бірі екенін айтады. Әлемдік эко­но­миканың ахуалы, банк қызме­тіне сұраныстың көлемі, ШОБ субъек­тілерінің несиеге сұранысы сияқ­ты сан түрлі себеп бар. «Сондықтан бұл жерде бар мәселені коронадағдарысқа телу­дің қажеті жоқ. Өйткені соңғы 5 жылда банк нарығындағы консо­лидация үрдісі жүрді, шағын және орта деңгейлі банктердің ірі банк­терге қосылуы, банктер санының азаюы тіркелді. Сондай-ақ банк­тер көптеген мұнай компа­ния­ларымен, әсіресе шетелдік инвес­торлармен жұмыс істейтін­дік­тен, мұнай бағасы да банк акцияларына әсер етті. Эконо­мика мен іскерлік белсенділіктің төмендеуі де акция бағасына ықпал жасады», – дейді экономист Асхат Наметша. Банк саласы бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев та банк секторындағы өзгерістерге каран­тиннің қатысы жоқ деп санай­тындар қатарында. Оның пікі­рінше, Халық банк акция­­сының котировкасына карантин­нің тіке­лей қатысы жоқ. Сол сияқты Kassa Nova банкінің саты­луы да 2 жыл бұрынғы жоспар­ланған, тиімді ұсыныстың түсуін күткен сауда. «Оның үстіне, кез келген кә­сіпкер банк ісімен айналыс­қысы келмесе, акциясын сатып, одан түскен қаржыны тиімді жобаға салуы қалыпты жағдай», – дейді сарапшы. Оның айтуынша, ше­телдік инвесторлар белгілі бір елдің банк секторына жұмыс іс­теуге келгенде банктен ақша шы­­­ғаруға немесе банкті банкрот етуге емес, тиімді бизнес жүргізуге келеді. Егер ол жоспары орын­­далмайтынын білсе, акциясын сатып нарықтан кетеді. bank GSB UIB бизнесті талдау орта­лығының сарапшысы, экономист Мақсат Халықтың Қуанышевтар отбасының Tengri Bank-тегі үлесін сатуға банктің соңғы уақыттағы рейтингісінің нашарлауы себеп болуы мүмкін деген сөзінің жаны бар сияқты. Себебі төтенше жағдай кезінде Tengri Bank клиент­­тері өз есепшотынан қар­­жы ала алмай, төлем картасын пайдалана алмай қалғаны есте. Western Union және Золотая Коро­на жүйелері арқылы ақша аудару толық тоқтатылды. Банк өзінің негізгі акционеріне қолдау көрсету туралы өтінішпен жүгін­­­ген. Бірақ Үндістанда COVID-19 вирусы таралуына тосқауыл қою бойынша қатаң шаралардың енгі­зілуіне байланысты PNB бас­шы­лығының (Tengri Bank-тің негізгі акционері – ред.) шешімін алудың өзі біраз уақытқа созылған. Осы және өзге де мәселелерден соң Қуанышевтар отбасы аталған банктегі акциясынан құтылуға тырысқан болуы мүмкін. Бірақ олардың акциясын кім сатып алғаны әзірге құпия. Алдыңғы сарапшылар айтқандай, бұл мә­селеге пандемия белгілі бір дең­гейде әсер еткен деуге болады. Экономист Мақсат Халық жалпы әлемдегі, елдегі банк секто­рын­­дағы өзгерістерге бә­рібір панде­мияның ықпалы болатынын ай­та­ды. «Бүгіндері әлемнің көптеген қор нарығында біресе құлдырау, біресе өсу байқалады. Құлдырау табиғи процесс, ал өсім қолдан жасалып отыр. Себебі АҚШ пен өзге елдердің орталық банктері ақша басып шығару арқылы экономикасын қуаттап, қор ин­­декстерін қалпына келтіріп жа­тыр. Бірақ бұл – уақытша амал. Егер ертең пандемия өршіп кет­се, одан да зор залал келуі мүм­кін», – дейді. Ал Қазақстанның қаржы на­ры­ғында жағдай тіпті күрде­леніп кетуі мүмкін. Себебі төлен­бей тұрған несиелер көбейді. Көп­теген компаниялар несиесін қай­та қаржыландыруға өтініш білді­ріп жатыр. Халық пен бизнес субъектілері несие төлеуді доғар­са, банк секторы үшін салдары ауыр болады.  

Фридом финанстың ойында не бар?

Коронавирустың екінші тол­қы­ны банк секторына қалай әсер етеді деп бас қатырып жатқанда, бұл салаға жаңа ойыншы қосылған сияқты. Иә, жуырда ForteBank-тің Kassa Nova-ның 100% акция­сын Фридом финанс инвести­циялық компаниясына сатуы көптің назарын аудара қоймаған сияқты. Бұл, бәлкім Kassa Nova банкінің ел арасында аса танымал болмауына байланысты болуы мүмкін. Оның үстіне, Kassa Nova орта мөлшердегі банк саналады. Енді алдағы уақытта ол банк сала­сындағы ірі ойыншыға айналса, таңғалмаңыз. Себебі аталған банкті сатып алған «Фридом фи­нанс» АҚ Қазақстан, Ресей жә­не Украинаны қоса алғанда 7 елде клиенттерге қаржылық қызмет көрсететін Freedom Holding Corp. халықаралық инвести­циялық тобына кіреді. Freedom Holding Corp. акциялары Nasdaq Capital Market-те, Қазақстан қор биржа­сында және Санкт-Петербор биржасында орналастырылған. Freedom Holding Corp. нарықтық капиталдандырылуы 2020 жылғы 31 шілдедегі жағдайы бойынша 1,13 млрд АҚШ долларын құраған. Freеdom Holding Corp. басқарма төрағасы Тимур Турлов Қазақ­станда заманауи инвестициялық банктік сервисі бар банк құруды жоспарлап отырғанын айтады.  

«Бүгіндері әлемнің көптеген қор нарығында біресе құлдырау, біресе өсу байқалады. Құлдырау табиғи процесс, ал өсім қолдан жасалып отыр. Себебі АҚШ пен өзге елдердің орталық банктері ақша басып шығару арқылы экономикасын қуаттап, қор ин­­декстерін қалпына келтіріп жа­тыр. Бірақ бұл – уақытша амал. Егер ертең пандемия өршіп кет­се, одан да зор залал келуі мүм­кін»

  GSB UIB бизнесті талдау орта­лығының сарапшысы, эко­номист Мақсат Халықтың ай­туынша, қор нарығындағы ірі ойыншы сана­латын Фридом финанс Kassa Nova банкін сатып алу арқылы еліміздің банк сек­торына кіріп отыр. «Мұ­ны үлкен стратегиялық қадам деп айтуға негіз бар. Яғни, отандық банк на­ры­ғына жаңа ойыншы қосыл­ды», – дейді сарапшы. Күні кешеге дейін ForteBank-тің еншілес кәсіпорны болған Kassa Novа-ның еліміздің 8 қала­сында 18 сатылым басқармасынан тұратын филиалдар желісі бар екен.  

Шетелдік банктерден қорқудың қажеті жоқ

Қазақстанның банк секто­рында Ресей банктері үлесінің артуы белең алғанда Kassa Novа сынды банктердің ірі ойыншыға сатылуына қуану да керек сияқ­ты. Бірақ сарапшылар шетелдік банк­тердің отандық қаржы нары­ғына келуінен қорқудың қажеті жоқ деп отыр. Олардың ай­туынша, кез келген шетелдік банк отандық банктердің да­муына ықпал етеді. Мысалы, Асхат Наметша банк нары­ғына бәсекелес банктің келуі банк өнім­дерінің ұлғаюына ықпал ете­ді, бастысы тұтынушыларда таң­­дау пайда болатынын айтады. «Осыдан 10-15 жыл бұрын біздің елде Англия, АҚШ, Нидер­ланды, Шотландия банктері жұмыс істеді. Бірақ соңғы кезде көптеген әлемдік және алпауыт банктер біздің на­рықтан кетті. Дәл сол 15 жыл бұрын біздің банк­тер ТМД арасында бәсекеге қабілетті еді. БТА банк пен Каз­коммерцбанк түрлі нарыққа экс­панция жасай алды. Ресей, Ук­раина, Грузия және Қырғыз елінде бұл банктер жақсы жұмыс істеді, басқару жүйесі, банк өнімдерін шығару бойынша эталон саналды. Мәскеу де БТА мен Каз­ком­мерцбанкке қарап бет түзе­ді. Кейін екі банк нарықтан кетіп, Халық банкке біріктірілді. Ал енді соңғы жылдары Ресей банк­терінің біздің нарықта күшей­генін көріп отыр­мыз», – дейді ол. Дүние кезек деген осы шығар, бұл біз үшін ой­ланатын мәселе. Сондықтан Қа­зақстан нарығына Ресейдің ғана емес, басқа елдердің де банк­терінің жұмыс істеуіне мүмкіндік берген дұрыс. Ол біздің нарық­тың, елдің инвести­циялық тар­тым­дылығын арт­тырады. Жалпы, басқарудың жаңа стандартын енгізеді. Қазақ­стандық банктердің халықаралық банк жүйесіне кіруі­не мүмкіндік береді. Мақсат Халық та шетелдік банктердің Қазақстанның қаржы нарығында көбейгенін қолдайды. Тек олардың арасында әлемдегі ірі ойыншылардың үлесі басым бол­са ғана отандық банк секторы ұта­тынын айтады. Бірақ ол банк­тер пайыздық ставканы тү­сіре­­ді деп үміттенуге болмайды. Себебі бізде ақшаның құнсыздану дәре­жесі жоғары. Базалық пайыз­дың өзі жоғары – 9 пайыз.  

халимаХалима  БҰҚАРҚЫЗЫ