Желіде медицина қызметкерлерінің жұмыстан кету туралы өтініш жазған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
– Алматы облысы Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасында дәрігерлердің жаппай жұмыстан кету жағдайы тіркелді. Бұған «Сарқан» денсаулық сақтау басқармасының директоры А.К.Шұлғаубаевты жұмыстан босату туралы шешім себеп болған.Дәрігерлердің жаппай жұмыстан шығуына байланысты Сарқан ауданының тұрғындары медициналық көмексіз қалуы мүмкін »,– деп жазылған Facebook желісінің бетіндегі «Талдықорғанец» парақшасында.
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел аталған жағдайға байланысты түсінік берді.
– Сарқан орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері жыл басынан бері тіркелген екі ана өлімі оқиғасына байланысты қызметінен босатылды. Бұл медициналық мекеменің бірінші басшысының жұмысының көрсеткіштерінің бірі. Осыған байланысты ол қызметінен босатылды»,– деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, көп ұзамай аталған жағдай туралы нақты мәлімет беріледі.
– Бас дәрігердің жұмыстан босату туралы өтінішіне қол қойылмаған. Қатаң сөгіс берілген. Тиісті шаралар қабылданады деп сенемін»,– деді Ғ.Жүкел.
https://youtu.be/kGyc9YkQML4