Н.Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің аш-Шура Меджлисінің Спикерімен кездесті
Н.Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің аш-Шура Меджлисінің Спикерімен кездесті
217
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Сауд Арабиясы Корольдігінің аш-Шура Меджлисінің Спикері Абдуллах Әл-Шейхпен кездесті. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Абдуллах Әл-Шейхке сапармен келгені үшін және Еуразия елдері спикерлерінің кеңесіне қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Елбасы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатын атап өтті. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент Сауд Арабиясының басшылығы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізге белсенді қолдау көрсеткенін еске салды.

– Біз Сауд Арабиясына зор құрметпен қараймыз. Тәуелсіздік алған тұста сіздің еліңіз үлкен қолдау көрсетті. Бұл біздің есімізде,–деді Елбасы.