«Тоңазытқышта өлген сәби екі бүктеліп жатпасын деп...» – Атырауда күдікті тергеушіні тергеді
«Тоңазытқышта өлген сәби екі бүктеліп жатпасын деп...» – Атырауда күдікті тергеушіні тергеді
Перенаталды орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев. Фото: "Ақ Жайықтан" алынды
169
оқылды
Атышулы қылмыстық іс бойынша басты айыпталушы сотта осыны айтып, оның себебін сұрады, - деп хабарлайды AstanaTV. Перенаталды орталықтың бұрынғы бас дәрігері куәгер ретінде шақыртылған тергеушіні сұрақтың астына алды. Шақалақтың мәйітін анықтаған соң, неліктен оны бірден арнайы сараптамаға жібермегенін сұрады.
Бұрынғы бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев: «Заң бойынша, ол бала сот-дәрігерлік сараптамаға кетуі керек. Бірақ сіздер баланың мүрдесін 5 сағат бойы роддомда ұстайсыздар. Потологиялық- анатомиялық заңында жазылған, 24 сағаттың ішінде зерттеліп бітуі керек, Өйткені ол қорытындыларына әсер етеді, – деді.
Ал тергеуші болса, тасымалдау тәртібін егжей-тегжей білмесе де, сәби денесін салқын күйінде жеткізуге тырысқанын айтты.
Атырау облысының СЖҚІҚ департаментінің тергеушісі, куәгер Айбек Уандықов: «Егер мен қандай температурада сақталу керектігін білмесем, мен бір нәрсені бұздым деген сөз емес. Мен нәрестенің бойына лайықты ыдыс іздедім. «Баланың денесі бүктетіліп жатпасын» деп. Сосын оны тапқан соң, жан-жағына соғылмасын деп жаялықпен орадық. Мүрде сақталсын деп контейнер айналасына мұз қойдық. Мен қарапайым талаптарды орындадым», – деді.
Бірақ бұл жауап сотталушылар мен олардың адвокаттарын қанағаттандырмады. Айтуларынша, алдымен, Атыраудағы сот – сараптамалық орталыққа жібергенде уақыт жоғалтпас еді. Айта кетейік, перзентхана дәрігерлері тірі шақалақты мұздатқышқа салып, өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Істің тергелуіне 162 куәгер шақыртылмақ. Жалпы қылмыстық іс 45 томнан тұрады.