Оқиғаның мән-жайы
Бұл оқиға әлеуметтік желідегі қазақтілді оқырмандардың резонансын тудырды. Толық шешімін таппаса да, аталған жайға үстірт қарауға болмайтынын ұқтық. «Ауруын жасырған өледінің» кебі болмауы үшін, бүгін айтылмаса іштей ушығып, жарылар сәтінде қолды кеш сермегеннің қамы болмауы тиіс. Сонымен, көп созбай әуелі оқиғаның қалай болғанын баяндасақ. Рамазан есімді жігіт Түркістан облысының тумасы екен. 16 жасында әнші Димаш Құдайбергенге ас әзірлеп берген көрінеді. Аспаз болып жұмыс істеп жүрген кезінде бірнеше рет жалақысынан да қағылған. Себебі 18 жасқа толмаған. Арманы түрлі тағамдар дайындап, әлемге әйгілі аспаз болу. Оқиғаны алғаш желіде жазған журналист Марғұлан Ақан болатын. – Сағат кешкі 20.00 шамасында жұмыстан шығып, тамақтануға бардым. Жетіп келген даяшы бірден «қазақша тапсырыс бересіздер ме, орыс тіліне тілім келмейтін еді» деді. Ойланбастан қолын алып тұрып «әрине» деп, күнде жей бермейтін тамақтан екеуіне тапсырыс бердім. Өзі көңілді жігіт екен. 23.30-да үй жақтағы супермаркеттен шығып, есік алдында отыр едім, бағанағы даяшы жігіт келіп амандаса қалды. Жұмыстан енді шыққан беті екен. Көңіл күйі жоқ. Не болғанын сұрасам, «Орыс тілін білмей, клиентке қазақша жауап бергенім үшін 6 000 теңге айыппұл төледім», – дейді. Далада отырып ызаланып алдық, одан артық не істей алатын едік, – дейді ол. Жігіт айыппұлды дәмхананың әкімшілігіне төлейді. Сөгіс алғаны да анық. Осыдан кейін біз Рамазанмен байланысқа шықтық. «Жұмысымнан айырылып қаламын немесе келешегіме нұқсан болар» деді ме, жігіт қандай да бір ақпар беруден бас тартып отыр. Сол себепті дәмхананың атын да айтқысы жоқ. Содан кейін мәселенің басы-қасында жүрген Марғұлан Ақанға хабарластық. Ол анық-қанығына жетіп, жігітті арашалап алу үшін заңгерлермен де кеңесіп жатқанын айтты.Негізі бұл мәселеде көзделетін екі заң бар, бірі – «Тілдер туралы» заң мен «Тұтынушы құқын қорғау туралы» заң. Бір қызығы, бұл екі заң да Рамазанды ақтап алады. Екіншіден, Қазақстанның «Тілдер туралы» заңында мемлекеттік тілге басымдық берілген. «Тұтынушы құқын қорғау туралы» заңда еліміздің әрбір азаматы қазақ тілінде қарым-қатынас жасайды, тек қажеттілік туған жағдайда ғана өзге тілде сөйлесе беруге болады.
– Қазір белгілі бір ақпарат бере алмай отырмыз. Дәмхананың атын атайық десек, Рамазан өтініш айтқан соң, оны да қоя тұрдық. 7 қыркүйек күні дәмхана әкімшілігі жиналыс өткізіпті. Қандай шешімге келгені белгісіз. Егер олар өздерінің іс-әрекетін дұрыс деуден танбайтын болса, барлығын ашық жариялауға көшеміз. Абзал Құспан секілді адвокаттар іске араласуға бел буып отыр. Тек Рамазанның келісімі керек. Ол «дайынмын» десе, ақ-қарасын айырар едік, – дейді журналист.Заң кімнің жағында?
Бұл мәселе турасында тартыс көп болғанымен, түптеп келгенде барлық іс заңға иек артатынын білеміз. Негізі бұл мәселеде көзделетін екі заң бар, бірі – «Тілдер туралы» заң мен «Тұтынушы құқын қорғау туралы» заң. Бір қызығы, бұл екі заң да Рамазанды ақтап алады. Екіншіден, Қазақстанның «Тілдер туралы» заңында мемлекеттік тілге басымдық берілген. Бұл – бір. «Тұтынушы құқын қорғау туралы» заңда еліміздің әрбір азаматы қазақ тілінде қарым-қатынас жасайды, тек қажеттілік туған жағдайда ғана өзге тілде сөйлесе беруге болады. Елімізде азаматтарға тек мемлекет қана айыппұл сала алады. Бұл – үш. Осыған байланысты біз заңгер Абзал Құспанмен байланысқа шығып, заңға сүйене отырып, қай тараптың ісі дұрыс-бұрыстығын анықтамаққа ниеттендік. – Әуелі қолданыстағы заң ешкімге мемлекеттік тілде сөйлеуге тыйым салмайды және қазақ тілінде сөйлегені үшін жауапқа тартылмайды. Бұл жерде белгілі бір заңды көздемей-ақ істі қарайық. Әкімшілік кодекс және Азаматтық кодекс бар екенін білеміз. Әкімшілік кодекс арқылы мемлекет қана жеке тұлғаға айыппұл салады. Ал екі тараптың арасында дау болса Азаматтық кодекс арқылы сотқа шағымданып барып, істің ақ-қарасын ажыратамыз. Ал бұл жерде жекеменшік жұмыс берушінің еш заңға сүйенбестен айыппұл салуы – өрескел қателік, – дейді адвокат.