«Нұр-Сұлтаннан үй берейік десек, таппадық» – Жетімдердің жанайқайы
«Нұр-Сұлтаннан үй берейік десек, таппадық» – Жетімдердің жанайқайы
«Жалға берілетін баспана балаларыңызға қалады» деп тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтармен жүздесіп отырған Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов. Фото: astana.gov.kz
137
оқылды
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 3 мыңға тарта адам Үкіметтен тиісті баспанасын алғысы келеді. Қолданыстағы заңға сәйкес, әлеуметтік осал топтағыларға салынған мемлекеттік баспананың 20 пайызы жетімдерге тиесілі, – деп хабарлайды КТК. Жыл сайын мыңдаған шаршы метр баспана қолданысқа берілгенімен, 10 жылдап кезекте тұрғандар әлі қол жеткізе алмаған. Бірақ шенеуніктермен жылдың басында жүздескен олардың үміті үзілуге шақ қалып тұр.
Айсара Рүстембекова: «Ақпан айында әкіммен кездескенбіз. Сонда әкім мені шақырып алды, сосын әкімнің орынбасарына бардым. Әкім уәде берді, денсаулық сақтау басқармасы да уәде берді. Тұрғын үй департаментінен де уәде берді. Білім беру басқармасы да уәде берді. Сол уәденің ешқайсы да орындалған жоқ», – дейді. 
Жетім ретінде екі жыл бойы кезектің басында тұрғанымен, пәтерін әлі алмаған. Заңдағы соңғы өзгерістерге сәйкес, жетімдерге берілетін жалдамалы баспана жеке меншікке өтпейді. Тек 5 жылдан соң жалдау мерзімін ұзарта алады.
Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Саипов: «Кезекке тұрғандардың деректері көп жағдайда қате көрсетіліп жатады. «Байланыс нөмірлері жұмыс істемейді» деген секілді кемшіліктер көп болады. Тұрғылықты мекенжайы қате көрсетілген. Неге десеңіз, баспанаға кезекке тұрған азамат тіркелген емес, тұрып жатқан мекенжайын көрсетуі тиіс. Біздің мамандар тізімге сәйкес үйлерді аралап шықты, иелері ондай адамдардың тұрмайтынын айтады», – деді.
Астанада әлеуметтік осал топқа жататын 46 417 азамат баспанаға кезекте тұр. Соның 2 712-сі жетімдер. Еске сала кетейік, біз бұған дейін Таразда тегін жер беру үшін тұрғындарды таппай жатқанын жазған болатынбыз.