Зәрені алған Зерделі
Зәрені алған Зерделі
219
оқылды
Қазіргі таңда құрылысшылар сылақты қайта сүріп тастап, қал­пына келтіру жұмыстарына кі­рі- с­іп кеткен. Мамандар оқыс жағ­дайдың бірнеше себебін айтып отыр. Жаңбыр суы жапсарласқан қалқандардың арасынан өтіп, суық күндері мұз болып қатып, жылу беру үшін қапталған материалды қабырғадан ағытып жіберген. Нә­­тижесінде, дуал мен сылақ ара­­сында ауа пайда болып, қатты жел­дің әсерінен үйдің сыртқы сы­ла­ғы құлап түскен. «Қала әкімдігі тарапынан тиіс­ті шаралар атқарылып жатыр. Қа­бырға 10 күнде ретке келеді. Бұл үй 2012 жылы қолданысқа бе­рілген. Үйді салған – «Аста­на құрылыс» мердігерлік компания­сы. Қабырғаның сырты 30 пайызға қираған, яғни бұл шамамен 40 шаршы метр», – деді  Жайлы қалалық орта басқармасы басшы­сының орынбасары міндетін ат­қарушы Ұлан Оңалбаев. Ақпаратқа сүйенсек, осы ау­­данда қисайған үйлердің құ­рылысын да дәл осы «Астана құ­рылыс» мердігерлік компаниясы жүргізген. Сапасыз салынған үй­лер­ді бірінен кейін бірін тап­сыр­ған құрылыс компаниясына алдағы уақытта қандай шара қол­данылатыны әзірге белгісіз.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ

  Serdeli1