Қазіргі таңда құрылысшылар сылақты қайта сүріп тастап, қалпына келтіру жұмыстарына кірі- сіп кеткен. Мамандар оқыс жағдайдың бірнеше себебін айтып отыр. Жаңбыр суы жапсарласқан қалқандардың арасынан өтіп, суық күндері мұз болып қатып, жылу беру үшін қапталған материалды қабырғадан ағытып жіберген. Нәтижесінде, дуал мен сылақ арасында ауа пайда болып, қатты желдің әсерінен үйдің сыртқы сылағы құлап түскен. «Қала әкімдігі тарапынан тиісті шаралар атқарылып жатыр. Қабырға 10 күнде ретке келеді. Бұл үй 2012 жылы қолданысқа берілген. Үйді салған – «Астана құрылыс» мердігерлік компаниясы. Қабырғаның сырты 30 пайызға қираған, яғни бұл шамамен 40 шаршы метр», – деді Жайлы қалалық орта басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ұлан Оңалбаев. Ақпаратқа сүйенсек, осы ауданда қисайған үйлердің құрылысын да дәл осы «Астана құрылыс» мердігерлік компаниясы жүргізген. Сапасыз салынған үйлерді бірінен кейін бірін тапсырған құрылыс компаниясына алдағы уақытта қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз.
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ