Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 85 пайызға ғана орындалды – Қаржы министрі
Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 85 пайызға ғана орындалды – Қаржы министрі
Фото: Интернеттен алынды
227
оқылды
Бюджетке жоспарда көзделген қаржының 610 млрд теңгесі кірмеген. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Үкіметтің бүгінгі отырысында сөз алған министр республикалық бюджеттің кірісі бөлігінің қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығынан түсетін кірістерге қатысты бөлімнің атқарылмауы себеп болғанын айтты. «Корпоративтік табыс салығының атқарылмауына негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның орта есеппен 14,4%-ке құлдырауы, 854 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванс төлемдер сомасының өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 229,2 млрд. теңгеге төмендеуі, екінші деңгейлі банктерден түсетін түсімдердің 9 млрд теңгеге азаюы себеп болды», – дейді Е.Жамаубаев. Оның айтуынша, қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауына өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 63,4%-ке немесе 201,8 млрд теңгеге өсіп кетуі себеп болды. Сондай-ақ «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйе деректері арқылы сату айналымдарының 11,6%-ке азаюы. Негізгі төмендеу тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылмен салыстырғанда 33,2%-ке немесе 3,9 трлн теңгеге азайған. Карантин режимінің енгізілуіне байланысты іскерлік белсенділіктің төмендеуінен шамамен 20,6 мың салық төлеуші төлемдерін 265 млрд теңгеге төмендетті. Бұл да кіріс көлемін азайтқан. Ең маңызды тағы бір себеп: былтырғы 7 аймен салыстырғанда үшінші елдермен тауар айналымының 10,5%-ке төмендеген. Ал Еуразия экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы былтырғы алғашқы жарты жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 11%-ке төмендеген. Осының барлығы жинала келе республикалық бюджеттің кіріс бөлігі бойынша жоспардың орындалуын тежеді.