Илья Ильин әлем чемпионатында үздік ондық қатарына ене алмады
Илья Ильин әлем чемпионатында үздік ондық қатарына ене алмады
162
оқылды

Ол екі жаттығудың қорытындысы бойынша 363 келі көтерді

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Паттайада өткен әлем чемпионатында үздік ондықтың қатарына кіре алмады. 

96 келіде сынға түскен Ильин 13 орын алды. Ол екі жаттығудың қорытындысы бойынша 363 (168+195) келі көтерді. Бұл салмақта қытайлық Тянь Тао 410 (180+230) чемпион атанды. Күмісті катарлық Фарес Ибрахим 402 (178+224), қоланы грузиялық Антон Плесной 394 (181+213) иеленді. 

Әзірге әлем чемпионатындағы жалғыз жүлдені Қазақстан құрамасынан Игорь Сон алды. 55 келіде жарысқа түскен Игорь күміс еншіледі. Ал біздің фавориттер саналған Арли Чонтей, Нижат Рахимов, Айдар Қазов, Денис Улановтар жүлдеге іліге алмады.

Әйелдер арасында Зұлфия Чиншанло төртінші, Екатерина Быкова жетінші орынмен шектелді.