«Абай жолы» – анимацияда
«Абай жолы» – анимацияда
303
оқылды
Бұл жолы жастар порталы I томдағы «Бел-белесте» тарауын ұсынып отыр. Онда Тобықты ауы­лы жайлауына көшіп, ор­ны­ғып үлгерген шағы. Қарт Зе­­ре­нің ауылы Бақанас өзенінің жа­ғасына қоныстанған Абайдың бозбала кезі. Оның  Тоғжанмен жүздесуі және Құнанбайдың балаларын үйленуі жайында сөз қозғалады. Еске салсақ, Doodle ани­мация­лы видеосаммари ұлы Абай­дың 175 жылдығына орай қолға алынған болатын.  Ви­деожоба Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігінің қол­дауымен жарық көруде. Бұ­ған дейін эпопеяның «Қайт­қанда», «Қат-қабатта», «Жолда» және «Шытырманда» деген І томының 4 тарауы жарық көр­ген болатын. Төрт томдық эпопея барлы­ғы 28 тараудан тұрады. Әр видео­саммаридің ұзақтығы – 12-15 минут. Тараулар әр дүйсенбі сайын Massaget TV YouTube-арнасында жарияланып тұрады.  

Н.ЕРЖАНҚЫЗЫ