Құжат сатқандардың арбауына түспеңіз

Құжат сатқандардың арбауына түспеңіз

Әлия Сәлиева брифингте Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілерінде осындай күмәнді хабарландырудың пайда болу фактілерінің жиілеуіне байланысты тексеріс жүргізу басталғанын мәлімдеді. Нәтижесінде, алаяқтардың әрекеті екені анық­талған. Осыған байланысты ол об­лыс тұрғындарына жалған құжаттарды са­тып алғаны үшін заң алдында жауапқа тар­тылатынын ескертті. Оның айтуынша, заң бойынша травматикалық қаруды алып жүруге тыйым салынған. Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы алаяқтардың әскери билет жасағаны үшін қанша ақша сұрайтынын анықтаған. Олардың айтуынша, ақ түсті әскери билет 100 мың теңге, көк билет үшін 200 мың тең­ге сұрайды. Ал Қазақстанда ақ түсті билеттер жоқ. Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Қуат Ахметқалиевтің сөзінше, әскери қызметке жарамсыздығы туралы дерек көк түсті әскери билетке енгізіледі. Құжаттар ХҚКО және электронды үкімет порталы арқылы рәсімделеді. Сондай-ақ алаяқтар әлеуметтік желіде жүргізуші куәлігін алып бере алатынын да хабарлаған. Ал куәлікке қол жеткізгісі келген адам алдымен келісілген соманың 50%-ын төлеуі керек. Сәйкесінше, олар куәлікті курьер арқылы жолдайды. «Аза­маттарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясының облыстық филиалының қауіпсіздік жөніндегі уәкілі Қайырбек Нигимовтің айтуынша, олар пластикалық құжаттарды жасай алады. Бірақ деректер базасында тиіс мәлімет енгізілмейді. Нә­тижесінде, ұтылатын өзіңіз. Яғни, ақшаңыз алаяқтардың қолында кетеді.  

Айбике ЖАНАСЫЛ