Шарықта қазақ, Еуропа төрінде!
Шарықта қазақ, Еуропа төрінде!
5,155
оқылды
Білім және ғылым минис­тр­лігінің баспасөз қызметіне мәлімдеуінше, биыл Олим­пиадаға 27 мемлекеттен 90-нан астам оқушы қатысқан. Қазақстанның құрама команда мүшелері ұлттық жарыстар қорытындысы бойынша анық­талған екен.  «Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушы­лар жақсы нәтиже көрсетіп, жо­ғары марапатқа ие болды. Атап айтсақ, Ван Ли алтын медаль (Алматы қаласындағы РФММ), Таймас Корғанбаев күміс медаль (Алматы қала­сындағы №165 мектеп-лицейі), Әділ Сұлтанов қола медаль (Атырау қаласындағы облыстық мамандандырылған «Білім - Инновация» лицейі), Рамазан Пердебай – қола медаль (Қарағанды қаласындағы Н.Нұр­­ма­қов атындағы ма­ман­­дан­дырылған мектеп-ин­тернаты) иеленді, – деп хабар­лайды ми­нистрліктен. Биыл European Junior Olympiad Informatics (EJOI) ұйым­дастыру комитеті олим­пиа­даны онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдаған бо­латын.  

А.ҚОНЫС