Биыл «Оскардың» талабы өзгерді
Биыл «Оскардың» талабы өзгерді
Фото: Интернеттен алынды
228
оқылды
Америкалық кино өнері академиясы «Үздік фильм» номинациясында «Оскар» сыйлығына үміткер кинокартина авторлары ескеруі тиіс жаңа талаптарды енгізді, – деп жазады 24.kz. Жаңа ережеге сәйкес, нәсілдік, этникалық аз топқа, сонымен қатар әйелдерге қысым көрсетумен күресу үшін енгізілді. Енді «Оскардан» үміткерлерге 4 критерий болады. Фильмнің үздік болуы үшін олардың кем дегенде екеуі сақталуы шарт. Басты рөлде немесе екінші рөлде  ойнайтын актерлердің кем дегенде біреуі этникалық аз топтың өкілі болуы қажет. Олай болмаса, труппаларда кем дегенде 30%-ы әйелдер, нәсілдік, этникалық аз топ өкілдері немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар болуы тиіс. Осындай талаптар фильмді түсіретін шығармашылық талаптарға да қойылады.