Зейнетақы қорындағы ақша азаматтарға қолма-қол берілмейді – министрліктің мәлімдемесі
Зейнетақы қорындағы ақша азаматтарға қолма-қол берілмейді – министрліктің мәлімдемесі
Фото: Интернеттен алынды
5,139
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай Tengri TV-ға берген сұхбатта зейнетақы жинағындағы қаржы қалай берілетінін айтты. Оның айтуынша, зейнетақы жинағындағы ақша қолма-қол берілмейді.
«Зейнетақы қорындағы қаражатты қолға алғысы келетіндерге ақша қолма-қол берілмейді. Тұрғын үй нарығын жақсарту үшін «Отбасы банкі» мәселені қарастырады. Қазақстанның бүгінгі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, яғни ол арқылы осы ақша мақсатты түрде жұмсалатын болады», – деді Виктория Шегай.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды. Президент тапсырмасына сәйкес, келер жылдан бастап зейнетақы қорындағы жинақ қаржының бір бөлігін алуға болады.