Қысқарған мемлекеттік қызметкерлер жұмыссыз қала ма?
Қысқарған мемлекеттік қызметкерлер жұмыссыз қала ма?
Фото: Интернеттен алынды
121
оқылды
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, профессор Еркін Дүсіпов қысқартуға ұшыраған қызметкерлер жұмыссыз қалмайды деген пікір айтты.
«Мемлекеттік қызметшілерді қысқарту жаппай жұмыссыздыққа алып келеді деп айта алмаймын. Себебі, бұл реформаны баяғыдан жүргізіп келеміз. Бүгінде елімізде 90 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. Қысқартқан жағдайда біз бірден жұмыстан шық демейміз, барлығы заң аясында жүзеге асырылады. Қысқартуға ұшыраған маманға мемлекеттік емес немесе квазимемлекеттік ұйымдардан жұмыс табылуы мүмкін. Президент тапсырамасына сәйкес, мемлекеттік басқару саласында реформа жүргізу – заман талабы», – деді Еркін Дүсіпов.
Айта кетейік, Президент Жолдауында мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқартуды тапсырған болатын.