Кезексіз көмек немесе «жасырын» қылмыс
Кезексіз көмек немесе «жасырын» қылмыс
211
оқылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2008 жылдан бері жүргізген зерттеуінде әлемнің 104 елін қамтыған. Жыл сайын 100 800 ағза алмастыру операциясы жасалады. Соның ішінде 69 400 бүйрек, 20 200 бауыр трансплантацияланады. Ағза алмастырудың арнайы тәртібі бар. Айналып келгенде бәрі кезек пен квотаға тіреледі.

Ішкі істер министрлігі кри­ми­налды полиция бөлімінің мә­лі­метінше, елімізде 2019 жылы адам саудасына қарсы күрес бойынша 141 қылмыстық іс қоз­ғалған. Со­ның 59-ы адам ағзасы мен тіндерін саудалауға қатысты.

Қазақстанда 2017 жылдан бас­тап адам ағзасын заңсыз сау­далайтын трансұлттық қылмыс­тық топ жұмыс істеген. Донор­ларды Өзбекстан, Қырғызстан мен Ук­раи­надан әкелген. Ал ре­ци­пиент­терді Израильден ал­дырт­қан. Жа­­қында ІІМ адам ағза­ларын трансплантациялау­мен айналы­сатын трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады.

Ведомство өкілдерінің ай­туынша, қылмыскерлер мен ме­дицина қызметкерлері до­нор­ларды өзара «ет» деп атапты. По­ли­ция қызметкерлерінің бол­ж­а­мын­ша, олар 50-ден астам заңсыз ота жасап, 10 млн доллар пайда тапқан.

Мамыр айында күдікті ретінде трансплантолог Г.Құттымұратов тергеуге алынған еді. Жасаған қыл­­­мысы дәлелденсе, оған Қыл­мыс­­тық кодекстің 116-бабы 3-тар­­ма­ғы, 264-бабы 2-тармағы бойын­ша айып тағылады. Әзір­ге тергеу амал­дары жалғасып жатыр.

Ағза саудасының өршуіне елі­міздегі трансплантацияның квота бойынша және ақылы түрде жү­ретіні себеп екен. Бөлім қыз­мет­кері Баймұрзиннің айтуынша, кезек барлық жерде көп. Алға жылжуы да уақыттың еншісінде. Ал халі мүшкіл адамның күтіп оты­руға уақыты жоқ. Осыдан қыл­мыс күшейіп, түрлі топ құрылады.

Донор мәселесі – әлем бо­йын­ша өзекті тақырып. Транс­план­тация жасау тұрғысынан Израиль көш бастап тұр. Мұнда альтруист донорлар көп. Олар өз еркімен до­нор бола алады. Науқасқа туыс­қан болуы міндетті емес. Қазақ­станда туысқаны бол­саңыз ғана, донор бола аласыз. Өйткені елі­мізде коммерциялық тұрғыда до­нор болуға тыйым салынған. Туы­сыңыздың ағзасын алудың пай­дасы ұшан-теңіз. Әсіресе, бүйрек пен бауыр алмас­тыру операция­сы тиімді. Жақыны донор бол­ған жағдайда опера­циядан кейін ілгерілеу байқалады. Ағзаның де­неде бітуі тез жүзеге асады. Үйре­нісу де көп уақыт алмайды.

Елімізде трансплантация жа­сайтын 6 орталық жұмыс істейді. Олар: астанадағы Ұлттық кардио­хирургия орталығы мен Онко­логия және трансплантология ғылыми орталығы, Алматыдағы Н.Сызға­нов атындағы ғылыми хирургия орта­лығы мен қалалық №7 ем­ханалық аурухана, Шым­кенттегі қалалық жедел меди­ци­налық көмек көрсе­ту ауруханасы мен Ақтөбедегі об­лыс­тық ауру­хана медицина ме­кемесі.

Донор мәселесі – әлем бо­йын­ша өзекті тақырып. Транс­план­тация жасау тұрғысынан Израиль көш бастап тұр. Мұнда альтруист донорлар көп. Олар өз еркімен до­нор бола алады. Науқасқа туыс­қан болуы міндетті емес. Қазақ­станда туысқаны бол­саңыз ғана, донор бола аласыз. Өйткені елі­мізде коммерциялық тұрғыда до­нор болуға тыйым салынған. Туы­сыңыздың ағзасын алудың пай­дасы ұшан-теңіз. 

Ел дәрігерлері жүрек, бүйрек, бауыр, асқазанасты безі, сүйек кемігін алмастыру операциясын жасайды. Кезінде мұндай опера­ция үшін халық шетел асуға асы­ғатын. Қазір жағдай қалыпқа түскен. Алғаш рет 1979 жылы бүй­рек алмастыру операциясы тір­келген. Соңғы төрт жылда елі­мізде мыңнан астам адам ағзасына транс­плантация жасаған. Көр­сеткіштер де көңіл қуантады. Елі­мізде 2009 жылы ағза мен сү­йек кемігін алмастыру бойынша 4 ота жасалған. 2012 жылы отаның саны 74-ке, ал 2013 жылдың жар­ты жылында 93-ке жеткен.

Ағза алмастыруға зәру науқас­тардың арнайы күту парағы бар. Статистика бойынша, бүйрек ауыс­тыру отасын қажет ететіндер­дің саны 3 мыңнан көп. Маман­ның айтуынша, науқас кезегі келгенше бүйректің қызметін атқаратын «диализ» аппаратына тәуелді екен. Бүйректен кейінгі алмастыру кезе­гінде тұрған – бауыр. 700-ге жуық науқасқа ба­уырды трансплан­та­циялау керек. Осы екі ағзадан кейін сырқат қазақстандықтарға керегі – жү­рек, ұйқы безі, өкпе.

Н.Сызғанов атындағы хирур­гия орталығының транс­план­тологы Мақсат Досханов кезекті бір сұхбатында еліміздегі ағза алмастыру операциялары туралы айтты. «Бүйрек алмастыру ота­сының ұзақтығы – 4-6 сағат. Ал бауыр алмастыру 12-16 сағатқа де­йін созылады. Арнайы құрал-жаб­дық керек. Бұл жертөледе не­месе басқа да медициналық емес мекемеде жасай салатын кі­шігірім операцияға жатпайды. Науқастың отадан кейінгі жағ­дайын да бақы­лау керек» дейді ол.

Осы мәлімдемеден-ақ адам ағзасын трансплантациялаумен айналысатын трансұлттық ұйым­ның әрекеті заңға қайшы әрі адам өміріне қауіпті екенін көреміз. Қаупіне қарамастан, дүние­жү­зінде қара нарықтың саудасы жүріп тұр. Аталған іске қарсы күресетін бір­неше ұйым жұмыс істесе де, мәсе­ле шешілетін емес. Себебі науқас өмірін күту пара­ғында кезегі қа­шан келетінін болжаумен өткізгісі келмейді.

Күту парағы – донор кезегін жүргізудің арнайы тәртібі. Жүйені белгілі шкала бойынша есептейді. Бауыры ауыратын адамдарда ау­рудың соңғы сатысы кімде бі­лінсе, сол адамның операцияны бірінші кезекте жасатуға мүмкін­дігі мол. Ал бүйрек алмастыру ке­зінде иммунологиялық реак­ция­ларға қа­райды. Бірінші ке­зекте имму­но­логиялық сәйкестігі жоғары адам отаға жіберіледі. Ке­зекте ұзақ уа­қыт тұрған ада­м­ның да еңбегі есеп­теледі. Дәрігер Мақсат Айта­лық­тың айтуынша, жылына бауыр алмастыру отасы 3-4 адамға ғана жасалады. Нау­қастардың 30-40 пайызы кезегін күтемін дегенше көз жұмады екен. 60-70 пайызы кезегін күт­пей, аурудан арылудың жолын іздейді. Күту қағазында тұрған­дардан кімнің жағдайы мүшкіл соған алдыңғы кезекте ота жасалады.

Түрлі зерттеулер көрсеткен­дей, жасанды жүрек адамға 5-6 жыл өмір сыйлайды. Жүректі транс­­плантациялау болса, науқас ғұмы­рын 15-20 жылға ұзартады. Жүрек кезек күтіп тұратын ағза емес. Күту парағын күн сайын тексеретін хал­де болмайды. Енді қайтпек? Осы­дан қара нарыққа хабар тарататын шешімге келеді. Трансұлттық қыл­мыстық топ­тардың жұмысын «дөңгелетуге» осы статистика себеп. Жаны қысылғанда барын аямайтындар кез келген мүмкін­дікті пайда­ланғысы келеді. Келеді де, меди­циналық талапқа қарсы, заңсыз әрекетке барады. Кезектің зар­дабы қоғамға тиеді.


Айбике ЖАНАСЫЛ