Грецияда тәулік бойы Димаштың әндерін қосатын жаңа радио ашылды
Грецияда тәулік бойы Димаштың әндерін қосатын жаңа радио ашылды
© сурет интернеттен алынды
153
оқылды
Грецияда Димаштың шығармашылығын насихаттайтын жаңа онлайн радио ашылды. «Dimash Greece» қазақ өнерпазының әндерін тәулік бойы трансляциялайды. - деп жазады dimashnews.com. Радиостанция әлемдік ғаламтор желісіне шілде айынан бастап шыға бастады. Аптаның 7 күнінде тәулігіне 24 сағат желіде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады. Сүйікті әншілерінің шығармашылығын өз елінде кеңінен насихаттау үшін Грециядағы Dear-лат радио сәтті әрі нәтежиелі шешім болатынына сенімді. «Dimash Kudaibergen Greece» фан-клубының әкімшісі Лена Ворк онлайн-радио арқылы Грециядағы Димаштың шығармашылығына табынушылардың қатарын арттырмақшы. Ойын жүзеге асыру үшін өзге елдегі фан-клубтардың тәжірибесін меңгерген. Талдау жасай отырып, өзінің радиостанциясын іске қосты. Грециядағы Димаштың фан-клубы жуырда ғана өздерінің 2 жылдығын атап өтті. Олар Грецияда Димаштың шығармашылығына қатысты шаралар ұйымдастырып, қазақ ұлының өнерін насихаттауда белсенді істер атқарып жүр.