117 жолаушысы бар ұшақ Атырауды екі сағат айналып ұшты
117 жолаушысы бар ұшақ Атырауды екі сағат айналып ұшты
200
оқылды
 «Атырау-Алматы» бағытында әуеге көтерілген «FlyArystan» ұшағы Атырауды екі сағаттай айналып ұшты. Кейін әуежайға қанды,  - деп жазады Ақ Жайық. Оқиға 7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні болды. «FlyArystan» баспасөз қызметінің өкілі Ләззат Набиеваның хабарлауынша, ұшақ Атырау әуежайынан көтерілгеннен кейін авионика бөлігінің (борттық аспап) желдету жүйесінің істен шыққандығы туралы дабыл қағылып, экипаж әуежайға оралуға шешім қабылдаған.
- Осындай жағдайларға арналған регламентке сәйкес, қону үшін ұшақ отынын жағып, Атыраудың үстінен айналып ұшып жүрген, өйткені толық бакпен қонуға болмайды. Әуежайда мамандар ұшақты тексеріп, қысқа уақыт ішінде борт ұшуға рұқсат алды, - дейді Ләззат Набиева.
Борт әуежайда 1 сағат 40 минут болды. Уақыттың көп бөлігі жолаушылар (117 адам) мен жүкті түсіруге, оларды тексеруге және кері отырғызуға кетті. Ұшақ сағат 00:40-та Алматыға ұшты. Осы оқиғаға байланысты 27 жолаушы ұшудан бас тартты.