Праймериз: Алматыда әділетсіз бәсекелестік үшін жағдай жасағандарға ескерту жарияланды
Праймериз: Алматыда әділетсіз бәсекелестік үшін жағдай жасағандарға ескерту жарияланды
5,146
оқылды
Алматыда «Nur Otan» партиясының праймериз шарасына қатысушылардан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге қатысты бұзушылықтар орын алғаны жөнінде екі шағым түсті. Мәселе партияішілік сайлау аясында әділетсіз бәсекелестік үшін жағдай жасау  туралы болып отыр. 8 қыркүйекте Әуезов ауданында өзін-өзі ұсынған праймеризге қатысушының сенімді адамынан шағым түсті.  Айтуынша, бастауыш партия ұйымына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін партия мүшелерімен кездесу ұйымдастыруды  сұрап хабарласқан. Алайда оған кімге дауыс берілетіні шешіліп қойған деп жауап берген. Сол күні партияның Әуезов аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтіп, партияның праймериз қатысушысына теріс жауап бергендерге сөгіс, ескерту жарияланды. Тағы бір шағым партияның орталық аппаратына көпбалалы анадан түсті. Оның айуынша, Алматыдағы «Бiрлiк» бастауыш партия ұйымынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін партия мүшелерімен кездесу ұйымдастыруды сұраған. Өтінішіне ешкім құлақ аспаған. 8 қыркүйекте партияның Бостандық аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысында праймериз қатысушысының өтінішін аяқ асты еткендерге ескерту жарияланды. Еске сала кетейік, праймериз шарасы аясында үгіт-насихат жұмыстары 7 қыркүйекте басталды.