Бірнеше өңірде үсік жүреді
Бірнеше өңірде үсік жүреді
© Сурет ғаламтордан
«Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 10 қыркүйекте түнде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 10 қыркүйекте Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетуі ықтимал. 10 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде -1-3 үсік күтіледі. 11, 12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауда найзағай болжанады. 10-12 қыркүйекте кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде топырақ бетінде -1 градус үсік күтіледі. 10 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде түнде -1-3 градус үсік болжанады. 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз 10 қыркүйек, тәулік бойы 11 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 күшейеді. Түнде 11 қыркүйекте -1-3 градус үсік сақталады. 10 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысатын желдің күші 15-20 м/с артады. 10 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, -1-3 градус үсік күтіледі. 10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында тұман, -1-3 градус үсік болжанады.