«Қарызданып, қашып жүретін жігіттер көбейген» – Ақтөбеде ер адамдар жиі жоғалып жатыр
«Қарызданып, қашып жүретін жігіттер көбейген» – Ақтөбеде ер адамдар жиі жоғалып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
167
оқылды
Оның ішінде, отыз жасқа жетпеген жігіттердің жоғалу дерегі жиілеген, – деп хабарлайды AstanaTV. Жақынын жоғалтқандарды іздеуге еріктілер жәрдемдеседі. 25 жастағы Самұрат Есетов тамыздың 25-і күні, күндіз жұмысқа кеткен. Бірақ содан бері үйіне оралмапты. Жақындары оны қайдан іздейтінін білмей отыр.
Жоғалған жігіттің анасы Жібек Мырзағалиева: «Баламның ішімдікке әуестігі жоқ. Темекі тарпайды. Жат қылықтан аулақ. Жолдастарының арасында белсенді, беделді барлығының қамын ойлап жүреді. Осы баламды көрген-білгендер болса хабарласуын сұраймын», – дейді.
Жергілікті полицияның дерегінше биыл Ақтөбеде 49 адам із-түзсіз жоғалған. Оның жартысынан көбі – жастар. Жоғалғандарды іздеп жүрген еріктілер жас жігіттердің үйден кету себептері әртүрлі деді.
Ерікті Бақытғали Оразғалиев: «Қазір міне жас балаларды іздеу салып жатырмыз осы бойы. Оның алдында болды, үйінен шығып кетеді. Кейбірі ішіп кетеді. Кейбірі қарыздардан, бір нәрселерден тығылып жүреді. Оны туыстары да білмейді. Сондай жағдайлар болды», – дейді.
Телеарна тілшісінің зерттеуінше, Ақтөбенің өзінде соңғы бес жылда мың жарымнан астам адамға іздеу жарияланған.   https://youtu.be/uEMHtNXCOVE