Қазақстандық спортшылар Нурмагомедов турнирінен титулсыз қайтты
Қазақстандық спортшылар Нурмагомедов турнирінен титулсыз қайтты
Фото: Интернеттен алынды
165
оқылды
Ережесіз жекпе-жекке Қазақстаннан 7 спортшы қатысты, – деп жазады sports.kz. Жарыстың нәтижесінде, Сұлтан Жолдошбек (8-1) — Грант Акопян (Ресей, 4-2) – Жолдошбек бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңгені жарияланды. Азамат Марқабаев (6-3) — Никита Балтабаев (Ресей, 8-5) — Балтабаев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Дархан Бакенов (2-0) — Владимир Брик (Украина, 4-6) — Бакенов 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Сәбит Жүсіпов (10-3-1) — Рилдечи Диас (Бразилия, 24-12) — Жүсіпов 3-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Гойти Дазаев (10-2-1) — Максим Буторин (Ресей, 15-3-1) — Дазаев 3-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Мұратбек Қасымбай (10-3) — Мухаммед Эминов (Ресей, 13-1) — төрешілердің шешімімен Эминов жеңіске жетті. Дәурен Ермеков (14-5) — Владимир Минеев (14-1-1) — Минеев 3-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.