Тоқаев БҰҰ-да не деді?
Тоқаев БҰҰ-да не деді?
184
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысты.

Өз сөзінде мемлекет басшысы әлемнің тұрақты дамуына қауіп келтіріп отырған бірқатар жаһандық тенденцияларға алаңдаушылық танытты.

«Бүгінгі геосаяси және геоэкономикалық өзгерістерге алаңдаушылық танытуға толық негіз бар. 2030 жылға дейінгі күн тәртібіндегі бірлескен міндеттерді жүзеге асыруда мұндай жағдай біз үшін сынақ болмақ », - деді Тоқаев өз сөзінде.

Мемлекет басшысының пікірінше, жаңа жаһандық тенденцияларда басты алаңдаушылық тудырып отырған жайттар ол – шешілмей жатқан кикілжіңдердің артуы мен әлемнің әр түкпіріндегі аймақтардағы басқындық болып отыр. «Жаһандық державалар толыққанды әскери қақтығыс алдында тұр», - деді Тоқаев.

Сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және технологиядағы теңсіздік, солтүстік пен оңтүстік арасындағы теңсіздік, жаһандық қарыз дағдарысы, протекционизм және қоршаған ортаның деградациясы мемлекет басшысының айтуынша әлемдік тұрақтылыққа төнген ірі қауіптердің бірі саналады.

«Осындай күрделі жағдайда Қазақстан жан-жақты тұрақты даму, жан-жақты үнқатысу және бейбітшілік сақтау жолындағы күш-жігерді жақтайды», - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұдан өзге ядролық қаруды толықтай жою қажеттігін алға тартты. Оның сөзінше, ядролық қару әлемдік тұрақтылық пен бейбітшілікке төнген қауіп қана.