«Қарадала» атауын қашанғы жатсынамыз?
«Қарадала» атауын  қашанғы жатсынамыз?
354
оқылды

Ұйғыр ауданында Халық қаһарманы Мурдин Таиповтың 100 жылдығы өтті. Елдің бірлігі, татулығы арқасында тағылымы мол, мазмұны терең, рухани азық берген айтулы шара болды. Батырлығымен бірге батырлығын, қарапайымдылығымен жерлестерін тәнті еткен тұлғаны жас ұрпаққа таныттық. Дастарқан басында ағайынның басы қосылып, өнегелі сөз бен пайымды пікір айтылып, тағы да татулықтың туы тігілді.

Сөз кезегі тигенде қасиет­ті Қа­радаламыздың торқалы то­пы­ра­ғынан тараған тарландар жайлы ой қозғадық. Аңғарсақ, сөзіміздің әл­қиссасы «Қарадаламен» басталғаны кей­бір ағаларымыздың жанына жақ­папты. Бізден кейін сөз алған Ба­хар ауылының тұрғыны, талай жыл бойы жоғары лауазымдарда қыз­мет атқарған Сайдалим Амутов аға­мыз тұра сала сөзімізге ескер­ту жа­сады, «Қарадала» деп атауымыз­дың қателік екенін айтып өтті. Аға­мыз­дың сөзінше, Қарадала атауы бұл өлкеге ешқандай қатысы жоқ екен, тіпті негізі де жоқ. Қу медиен, тү­гі жоқ ен даланы «Қарадала» дейді екен-мыс. Қара сөзінің мағынасы да, мәні де жоқ екен. Қалайша? Қа­сиетті де құнарлы қазақ ті­­лін­де «қара» сөзінің мазмұны те­рең. Тіпті атa-бaбaлapымыз дү­ние­ні төpт бұpыш деп түcініп, әp бұpышқa өзіндік cимволдық pеңк-түc те беpген. Aтaп aйтқaндa, шығыc – көк түc, оңтүcтік – қызыл түc, cолтүcтік – қapa түc, бaтыc – aқ түc деген күн aйнaлымынa не­гіз­делген этномәдени дүние­тa­ным да бар бізде. Қaзaқ тілінде қа­ра түcтің мaғынaлық түpлеpіне бaй­лaныcты көптеген мaқaл-мә­телдеp, фpaзеологизмдеp, жұм­­­бaқтap да мол ұшыpacaды. Дәл осы сөздің бірнеше жерде ай­ты­лып, «Қарадалаға» қарсылық та­ны­тылғанын естіп, біліп жүрген соң, қолымызға қалам алдық.

Қазақ қacтеpлі, қacиетті, ел қa­діpлейтін не әкенің, не aтaның, не бaбaның үйін «Қара шаңырақ» дей­ді. Халықты да «қара орманға» теңеп жатады. Көзімнің aғы мен қa­pa­cындaй деп жанымызға жақын, ең aбзaл, қaдіpлі, қымбaтты жан­ды атаймыз. Қазақ ұғымында «қа­ра қазан» – ең қастерлі ыдыс, ырыс­тың белгісі. Сөз әлемінің ең құ­діреттісі саналған «қара өлең» қай­дан шықты сонда? Тепсе те­мір үзетін, күшті, жаужүрек азамат­та­ры­мызға «қара күш иесі» деген теңеу де беріп жатамыз. Демек, тү­сіне білген жанға «қара» – қар­ға тамырлы қазақтың қастерлі сөз­де­рі­нің бірі.

Бала кезден кезiп, шарлап ой көгiн

Арманымның жуған талай көйлегiн.

Бұғытыдан басталатын әрi ассаң,

Бұл даланы «Қарадала» дейдi елiм.

 

...Қарадала –

күй қанатты талмайтын,

Жiбек жолы ғасырлармен самғайтын.

Сақ, хундар мен үйсiндердiң

көзi бұл,

Шығыс пенен батысты

үнсiз жалғайтын.

Белгілі ақын, мемлекет және қо­ғам қайраткері, жерлесіміз Нұрлан Ора­залин ағамыз Қарадаланы дәл осы­лай жырға қосады. Тарихтың қат­парын аршып, тамырын басып, өт­кенімізді қара өлеңге арқау еткен аға­мыздың жыр жолдарынан бұл то­пырақта бабаларымыздың ізі, көнекөздеріміздің сөзі қалғанын бай­қаймыз. Баһадүрлеріміз салған сүрлеу де осы Қарадалада сайрап жа­тыр. бұл мекенді 2 мың жылдан ас­там уақыттан бері қарай қазақтың үй­сін тайпалары мекен еткенін, Қа­радала – тоғыз жолдың торабына ор­наласқандықтан, Ұлы Жібек жо­лы арқылы Ши-ән, Жемсары (Иыңсар), Алмалық, Алматы, Тал­қиз, Баласағұн, Сайрам, Ясы, Оты­рар, Шаш, тағы басқа қалалар ара­сында жүрген қытай, түрік, араб, парсы халықтарының сауда керуен­дері осы Қарадаланы басып өт­кенін білеміз. Ендеше, тарих таң­балаған Қарадалаға «Қарадала» атауын таңып, сөзімізге арқау етке­німіздің несі айып? Мұны екінші се­беп деп қоялық.

Үшіншіден, әдебиеттану ғылы­мын­да теңеу (эпитет), әсірелеу (ги­­­пербола) деген болады. Яғни, зат­ты, нәрсені, құбылысты немесе зат­тың, нәрсенің, құбылыстың бел­гісін, қасиетін, сапасын көр­се­тетін көркемдік ұғым және әр­түрлі құбылыстарды немесе бел­гілі бір нәрсені шамадан тыс асы­ра суреттеу тәсілі. Демек, біз өл­ке­міз­дің белгісін, қасиетін осы «Қа­рада­ла» ұғымы арқылы береміз. «Жер жәннаты Жетісу», «Жерұйық Жетісу», «Әулиелі өңір» деп жерді си­паттап, әсірелейміз, әспеттейміз. Ал ауданымызды «Қасиетті Қара­дала» дегеннен қандай терістік бай­­­қаймыз? Біздіңше, ешқандай әбес­тік жоқ.

Күні кеше ел Президенті Қа­зақстан халқына Жолдауын ұсын­ды. Сан саланы қамтыған Жол­дауда қоғамдық келісімді ны­ғайту мәселесі сөз болды. Пре­зидент: «Қазақ халқының мем­ле­кет құраушы ұлт ретіндегі рө­лін бекемдеп, этносаралық тату­лық пен дінаралық түсіністікті қа­лыптастыра беруіміз қажет» дегенді ек­шеп айтты. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев Қа­зақстан халқы ассамблеясының сес­сиясында: «1 наурызды немесе бас­қа күнді Қазақстандағы барлық эт­ностардың бір-біріне және өз­дерін қабылдап, туғанындай мейі­рім көрсеткен қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өткен әділетті болар еді» деген еді. Яғни қазақтың пейілі мен мейірінің арқасында осынау ұлан-ғайыр далада сан этнос өсті, өркендеді. Сондай құт­ты өлкенің бірі – осы Қарадала. Бү­гінде қазақтың даласын мекен ет­кен әр ұлт пен ұлыс алғыс айтуда. Ен­деше, қасиетті Қарадаланың да қа­дірін бағалап, кіндік қанымыз та­мып, қалың ізіміз қалып, ұрпа­ғымыз өсіп отырған ұлық өлкенің тари­хын тани білейік.

Қазіргі кезде осы өлкені мекен­деп жатқан ұйғыр ағайындардың қи­налып, қысастық көріп келген ата-бабаларын құшақ жая қарсы алып, шұрайлы жерімен бөліскен қа­зақтың атауы «Қарадалаға» қақ­пайлау болмай, жер иесінің дос­тығына, қонақжайлылығына құр­метпен қарағаны жөн.

 

 

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ,
Алматы облысы