Белгілі болғандай, республика бойынша барлығы 10 179 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде – 4450 бірлік жекеменшік мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді.
Еліміз бойынша балабақшаға 827 859 бала, оның ішінде 476 176 бала мемлекеттік балабақшаға барса, жекеге баратындар саны – 351 128 бала. Педагогтер саны − 97 322 адам. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша балабақшалардың 89%-ы бейнебақылау құрылғыларымен жабдықталған.- әскери қызметшілердің, арнаулы органдар қызметкерлерінің балаларында;
- көп балалы отбасынан шыққан;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;
- ата-анасы мүгедек балалар;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.
Жеке мен мемлекеттік балабақшаның айырмашылығы қандай?
[caption id="attachment_71207" align="alignnone" > Айқынұлы Жұмабек[/caption] Жекеменшік балабақшалардың мемлекеттіктен ең бірінші айырмашылығы бағасында. Жеке балабақшаларда баға әр қалай. Мысалы, астанадағы «Funny School» халықаралық балаларды дамыту орталығы (топтардың барлығы тек орыс тілінде) деп аталатын балабақшада бір айға төлейтін баға 120 мың теңге. Бұл суммаға баланың бес уақыт тамақтануы (аллергиясы бар балаларға арналған арнайы тағамдар дайындау, диеталық тағамдар беріледі екен) және аптасына 5 рет ағылшын тілінен сабақ, аптасына 4 рет бассейнде 1 сағат жүзу, аптасына 2 рет хореография, аптасына 2 рет музыка сабағы, 2 рет шахмат сабағы, 2 рет каратэ үйірмесі, 2 рет логопед, психолог мамандардың сабағы және 2 рет дене шынықтыру өтеді. Екіншіден, жекеменшік балабақшада бала саны мемлекеттікке қарағанда әлдеқайда аз. Сонымен қатар, балаларды алып кету уақытында айырмашылық бар. Бас қалада жеке бақшалардың құны 30 мың теңгеден басталады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру мен ұстаудың санитарлық нормалары мен ережелеріне сәйкес әр топта әрі кеткенде 24 бала болуы керек. Мемлекеттік балабақшаларда бала саны 30-дан асып кетеді. Осы ретте, мемлекеттік балабақшаларға түсетін салмақты жеңілдету үшін мемлекеттен білім беру тапсырысын алатын жекеменшік балабақшалар бар. Биылғы жылғы 20 тамызда шыққан ереже бойынша астанада 2708 орындық 61 балабақша мемлекеттік тапсырысқа ие болған екен. Бұл дегеніміз, ай сайынғы төлейтін ақшаның 50%-ын мемлекет, 50%-ын ата-ана төлейді деген сөз. Нұр-Сұлтанда білім басқармасы сайтының мәліметінше, 95 мемлекеттік балабақша мен 211 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. Алматыда 897 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 185-і мемлекеттік және 712-і жеке меншік. Шымкентте 501 балабақша бар, олар 85 мемлекеттік және 416 жеке мекеме. Нұр-Сұлтанда мемлекеттік балабақшалардың құны 17 мың теңге. Бұл суммаға тек тамақ кіреді. Қалғаны үшін қосымша ақы төлеу керек. Мысалы, бассейндердегі сабақтар, логопед және басқалар. Көбінесе ата-аналар мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерді таңдайды. [caption id="attachment_71209" align="aligncenter" > Айқынұлы Жұмабек[/caption]Балалар тоңып, қарындары аш қайтады...
Осы ретте, жекеменшік балабақша мен мемлекеттік балабақшаның қайсы дұрыс екенін білу үшін Facebook әлеуметтік желісінде сауалнама жүргізген болатынбыз. Қарлығаш есімді әлеуметтік желі қолданушысы: «Баланы мемлекеттік балабақшаға берген дұрыс. Жекені ешім тексермейді. Тамақты аз береді» десе, Гүлмира есімді азаматша: «Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемені таңдайтын едім. Жоғарыдан бақылау болады. Жеке меншік балабақшаға сенім жоқ. Өзім тұрған ауылда жекеменшік балабақшалар жылу, тамақ жағынан үнем жасап, балалар тоңып, қарындары аш болады дегенді еститінмін. Балабақша жабылып қалмау үшін балалардың санын көбейтеді. Сосын балаларға жағдай жасамайды. Не болып жатқанын ешкім көрмейді» дейді. Пікір бірдірушілердің ішінде жеке мен мемлекеттік балабақшаның айырмашылығы тек бағасында дегендер де болды. Қалай болған күнде де мемлекеттік мектепке дейінгі мекемені таңдайтындар саны басым екенін аңғардық. Еліміздегі ірі шахардың бірі Алматыда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмыс істемейтін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардағы төлем құны айына 45-тен 110 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды.Заңсыз ашылған балабақшалар жайында...
Егер сіз таңдаған балабақша бақылау департаментінің сайтынан табылмаса, онда ол заңсыз жұмыс істеп отырған болуы мүмкін. Яғни, бұндай балабақшалар көп жағдайда кәдімгі пәтерлерде орналасқан. Ешқандай талаптарға сай емес. Астанада осындай 20-ға жуық бала қалдыратын орын бар екен. Солардың біреуіне хабарласып көрген болатынбыз. «Әдетте көп бала қабылдамаймыз. 5-6 бала келеді. Балаңызды түске дейін қалдыратын болсаңыз бағасы 20 мың теңге. Толық күн болса 35 мың. Күніне 3 мың теңге аламыз. Екі бала күтушісі бар»,-дейді шағын балабақша иесі Айман. Былтыр қалалық мәслихат депутаттары мұндай бала қалдыратын орындардың қауіпті екенін, жаппай жабу керегін айтқан болатын. Осындай ұйымдарды анықтау үшін учаскелік полиция инспекторлары да жұмылдырылған еді.Шетелдік балалардың таңдауы қандай?
Францияда екі айдағы балаға балабақшадан орын беріледі екен. Бұл кезекке аяғы ауыр келіншек 6 айынан бастап тұру керек. Жекеменшік балабақшаның бағасы 300 доллардан басталады. Мектеп алды даярлық сыныбына 2 жастан бастап қабылдайды. Түркияда мемлекеттік балабақшаға орналасу өте қиын. Кезекте тұрғандар саны көп. Жеке балабақшалардың ай сайынғы бағасы 400-1300 доллар арасында. Түріктердің көбі жекеменшік балабақшаны таңдайды екен. Себебі, жақсы мектепке қабылдану үшін жан-жақты білім беруге бағытталған балабақшаларға дайындалған дұрыс деп есептейді. [caption id="attachment_71211" align="aligncenter" > Group of kids playing with constructor[/caption] Малайзияда мемлекеттік балабақша атымен жоқ. Барлығы жекеменшіктің иелігінде. Бағасы оқу деңгейі мен үйірмелерге байланысты әртүрлі. Балаларды 2 жастан бастап қабылдайды. Мысалы, 50 бала қабылдайтын балабақшаның ай сайынғы құны 500 доллар. Онда 5-6 үйірме бар. Жекеменшік балабақшаның барлығына жұмыс істеу туралы сертификатты Малайзияның білім министрлігі береді. Негізгі талаптардың бірі – тәрбиешінің бәрі жоғары білімді болу керек. Нидерландта баланы 1 айынан бастап балабақшаға беруге болады. Бұлай ерте беру себебі, декреттік демалыс 16 апта ғана. Балабақшаның құны 800-2000 еуро аралығында. Грекияда мемлекеттік балабақшаның тегін. Ата-ана тек тамақ пен концелярлық заттарға ай сайын 80-150 еуро төлейді. Балабақшаның жұмыс режімі 07:00-16:00 дейін. Ең қызығы бұл елде темекі тартатындардың саны көп болғандықтан балабақшаларда арнайы темекінің зиянын түсіндіретін сабақ өткізіледі екен. Италияда балабақшаға баланы 1 айдан бастап, 2 жасқа дейін қабылдайды. Құны 100-150 еуро. Көп жағдайда түске дейін ғана жұмыс істейді. Тіпті, түскі ас та қарастырылмайды екен. Италиялықтар үшін баланың кішкентай кезінен бастап ортаға бейімделуі, дамуы маңызды. Америка Құрама Штаттарында балабақшалар жеке болғанымен, мемлекеттің қатаң қадағалауында. 6 айдан 3 жасқа дейінгі балалар үшін төлем айына орташа есеппен 1000 долларды құрайды. Жасы үлкен балаларға шамамен 800 доллар. Германияда жеке және аралас балабақшалар бар. Өңірлер мен қалалар жұмыс бағасы мен нормаларын өздері анықтайды. 2018 жылдың тамыз айынан бастап көптеген жерлерде (облыста) балабақшалар 2 немесе 3 жастағы балалар үшін тегін болып бекітілген. Тек тамаққа 23 евро төленуі тиіс.