Пәтері өртенген 80 жастағы тұрғынды құтқарып қалды  
Пәтері өртенген 80 жастағы тұрғынды құтқарып қалды  
Фото: Интернеттен алынды
112
оқылды
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 9 қыркүйекте Есіл қаласы Мырзашев көшесіндегі тұрғын үйде болған. Көршілері өрт шыққаны туралы қалалық өрт сөндіру бөліміне хабарлаған. Өрт шыққан үйден ес-түссіз жатқан 80 жастағы пәтер иесі табылды. Өрт сөндірушілер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Қазіргі кезде зардап шеккен азамат Есіл аудандық ауруханасында ем алып жатыр.