Студент бие сүтінен косметика шығарып жатыр
Студент бие сүтінен косметика шығарып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
Даяна Мукинаның айтуынша, косметикаға сублимацияланған бие сүті қосылады. Astana IT University-нің 1-курс студенті кофе скрабы, бетке арналған клинсер, денеге арналған гель шығарады, – деп жазады pavlodarnews.kz. Косметика терінің барлық түріне арналған. Балаларға да қолдануға болады.
«Бие сүті адам терісі үшін пайдалы. Тері құрғақ немесе майлы болмайды. Сол себепті, косметика бет терісінде жаңа бөртпелерді шығармайды. Құрамында иммуноглобулин және амин қышқылдары бар. Косметикаға саумалдан басқа, әртүрлі май қосамыз. Бие сүті қабынуды азайтады. Құрғақ және сезімтал тері үшін пайдалы», – дейді.