Иттерге арналған ғимаратқа қоныстанған әйелдердің 7-8 баласы бар «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, – деп жазады «Спутник Қазақстан».
Дереккөздің жазуынша, көпбалалы әйелдер пәтер кезегінде он жылдан бері тұрған. Бірақ баспана әлі берілмеген.
Олар ғимараттың бос тұрғанын жануарларды қорғаушылардың жазбасынан білген. Сондықтан иттерге арналған ғимаратқа барып қоныстанған.
«Бір жағынан бұл әйелдерді түсінемін. Олардың тұрмысы, жағдайы қиын. Екінші жағынан бұл... нонсенс», – Данияр Әбдулов.Ол иттердің ғимараты үшін жауапты екенін жеткізді. Сондықтан кеше, сәрсенбі күні көпбалалы аналар үшін өз көлігінде қонуға бел буған. Бірақ сағат 22.20-да әкімдік пен полиция әйелдермен кездесу өткізген. Осыдан кейін әкімдіктің баспасөз қызметі «Қазір ғимаратта ешкім жоқ», – деп ресми хабар таратты. Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Нұр-Сұлтаннан үй берейік десек, таппадық» деп жетімдердің жанайқайын жазған болатынбыз.