Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесті. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.Екі көшбасшы да түрлі салалар бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екендерін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданиямен арадағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екенін айтты. Сондай-ақ, ол ІІ Абдаллаға Қазақстанның дінаралық диалогты нығайтуға қатысты бастамаларын үнемі қолдап келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.