Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанайға барды
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қостанайға барды
Фото: Берік Уәлидің парақшасынан алынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында: «Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, диқандармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі», – деп жазды.