«Қазіргі уақытта болжам жасаумен айналысып жатырмыз. Ең нақты болжам екі апталық кезеңге жасалады. Күн сайын қолымызға түсіп отырған көрсеткіштер ауытқып тұрады. Жобамен қазіргі уақытта бұл болжамдар маска тағатын, яғни әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтайтын адамдардың жалпы үлесіне байланысты. Дәл осыған ауруға шалдығу болжамы тікелей байланысты. Ауруға шалдығуға қатысты болжам жасау үшін қазіргі уақытта азаматтардың қарым-қатынасты қаншалықты қысқартқандығын білуіміз қажет», – деді министр.Оның айтуынша, коронавирус шамамен қараша мен желтоқсан айларында өршуі мүмкін. Бұл пандемияның екінші толқыны, тұмаумен тікелей байланысты болып отыр.