Елордада жылыту маусымы қашан басталады?
Елордада жылыту маусымы қашан басталады?
108
оқылды
Нысандарға бекітілген кесте бойынша дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Елордада жылыту маусымы көшедегі орташа ауа температурасы бес тәулік бойы +10 °С және одан төмен болған кезде басталады. "ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" заңына, сондай-ақ елордалық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімі бойынша жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, бес тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде, жергілікті атқарушы орган жылыту маусымының басталуы туралы шешімі қабылдайды", - делінген хабарламада. Бұған дейін хабарланғандай, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын дайындау бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Көп пәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90%-дан жоғары. Сонымен қатар, қалада күн сайын 20 мың тонна көлемінде қатты отын қоры қамтамасыз етіледі.